қайталанбайтын
процесс
болады.
Топырақ
жаралуына
коллоидтар
коагуляциясының маңызы зор. Коллоидтар топырақтың жоғарғы және тӛменгі
температурада кепкенінде немесе тоңазығанда коагуляцияланады. Бірақ
коагуляцияның басты жағдайына электролиттердің (тҧздардың, қышқылдардың
және негіздердің) әсері жатады. Электролит деп суға ерігенде оң немесе теріс
зарядты иондарға бӛлінетін заттарды айтады – (NaCl → Na + Cl); коагуляция
электролиттердің
ең
аз
―коагуляция
босағасы‖
деп
аталатын
концентрациясында (ерітіндінің қоюлануында) ӛтеді.
Бытыраңқы дәрежесі жоғары болған коллоидты бӛлшектердің электр
заряды бар. Кӛбінесе топырақ коллоидтері теріс зарядты болып келеді. Тек
алюминий мен темір гидраттары оң зарядты.
Коагуляция процесі
коллоидтердің зарядтарын жоғалтуына байланысты. Теріс зарядты коллоидтар
оң зарядты катиондармен, ал темір мен алюминий коллоидтері теріс зарядты
аниондармен тоғысқанда коагуляцияланады.
Коагуляциялау қабілеті катиондардың валенттілігіне және атомдық
салмағына байланысты. Белсенді жылдам коагулянттерге ҥш валентті (Al мен
Fe) содан кейін екі валентті (Сa мен Mg) катиондар жатады. Бір валентті
катиондар (K, NH
4
әсіресе Na)
сәл коагуляцияланады, тіпті қарама-қарсы
топырақ коллоидтерін ыдыратды. Тек Н катионы соңғылардан коагуляциялау
қабілеті бойынша оқшау тҧрады да, екі валентті катиондарға жақындайды.
Коллоидтер коагуляциясына топыраққа кӛп тараған кальций катионының
маңызы зор.
Топырақ коллоидтары қҧрамы бойынша ҥш топқа бӛлінеді: органикалық,
минералдық және органды-минералдық.Топырақта минералдық коллоидтар
балшық қҧрамында басымырақ болады. Органикалық
коллоидтар топырақ
шіріндісінің қҧрамында мол. Органды-минералдық коллоидтар шірінді заттар
мен минералды кешен (комплекс) қоспалары арқылы беріледі.Топырақ
коллоидтары ӛте ҥлкен меншікті беттер мен энергияға ие болуына байланысты,
топырақтардағы жҥретін барлық ҥрдістерге белсенді қатысады. Топырақ
коллоидтарының әр алуан қҧрамы, топырақтағы ылғалдың әсерінен олардың
коллоидты ерітінділері - зольдардың жылжуға қабілеттілігі және гель тҥрінде
бекуі, коллоидтарының қҧрамы мен касиеттері арқылы
ерекшеленетін топырақ
қабаттарының - горизонттардың пайда болуына, органикалық және органикалық-
минералдық заттардың аналық жынысқа тереңдеп енуіне алып келеді.Топырақ
коллоидтарын қанықтыратын катиондарға және олардың желімдегіш қабілетіне
байланысты мӛлшерлері және суға беріктігі жағынан әртҥрлі, топырақтың
сулық-физикалық қасиеттерін сипаттайтын топырақ тҥйіртпектері қҧралады.
Коллоидтар диссоциацияға қабілеттілігі және осыған байланысты химиялық
белсенділігі арқылы топырақтағы барлық физикалық-химиялық ҥрдістерге
қатысады да, қоректік элементтердің топырақ ерітіндісінде әрқашан болуын
және топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі – сіңіру қабілетінің тҧрақты
болуын қамтамасыз етеді.