Жемістер мен ағаш сҥрегінің пісуіне мҥмкіндік береді. Гҥл бҥршіктерінің
дифференциясын және крахмалдың қантқа айналуын стимулдайды. Әсіресе
тҧқым мен ӛсіп келе жатқан меристемада (қҧрғақ затқа 2 процентке дейін)
фосфор кӛп болады. Фосфор жетіспесе бҧтақ сабақтары мен жапырақтарының
ӛсуі
әлсірейді, жапырақтарда қою кӛк және қызыл дақтар пайда болады.
Фосфордың едәуір мӛлшері жапырақа, содан соң жеміс салатын бҧтақтарында,
жемістер мен жидектерде болады.
Калий
–
негізгі органикалық заттар қҧрамына енбейді. Ӛсімдікте ион
тҥрінде кездеседі. Калий протоплазманың сҧйықтығын арттырады, оның су
ҧстағыш және ӛткізбейтін қабілетін кӛтеріп, СО
2
ассимиляциясы және
заттардың ӛсімдікте жылжу процестеріне қатысады. Калий жетіспеген
жағдайда фотосинтез процестері әлсіреп, углевод шамасы кҥрт кемиді, олардың
жапырақтан бӛлінуі кідіреді. Ағашты калиймен орынды қамтамасыз еткенде
оның суыққа деген тӛзімділігінің артатындығы анықталды.
Магний
–
хлорофилл қҧрамына енеді. Фосфорлық қосылыстардың
қҧралуын тездетеді де бәсеңдетеді. Фосфор қышқылының орын алмасуына
мҥмкіндік береді. Қышқылдандыру процестеріне қатысады.
Магний жетіспесе
бҧтақ-сабақтардың ӛсуі салдарынан хлорофилл бҧзылып, соның кесірінен
жапырақтар шҧбарланады. Мҥлде жетіспесе жапырақ уақытынан бҧрын тҥседі.
Бірақ сабақ-бҧтақтар ҧшының жапырақтары тҥспейді.
Кҥкірт
–
тотықтырып, қалпына келтіру процестеріне байланысты кейбір
маңызды амин қышқылдарының, сондай-ақ эфир майларының, глюкозидтер
мен басқа да қосылыстардың қҧрамына енеді. Топырақта кҥкірттің жетіспеуі
сирек кездесетін жағдай.
Кремний
-
ӛсімдікке кӛп мӛлшерде жиналып,
ткандерьдің қаттылығын
қамтамасыз етеді. Кремний қышқылы фосфор қышқылының ҧқсас қышқылы
ретінде фосфор пайдалануды жақсартады.
Натрий
де калий секілді протоплазмаға байланысты ион тҥрінде
кездеседі. Ол клетка тургорының сақталуына мҥмкіндік береді деп есептелінеді.
Хлор
-
ӛсімдік сабақ-бҧтақтарының және тамырларының ӛсуі ҥшін қажет.
Фотосинтез процесінде оттегі бӛлу кезінде хлор белгілі бір роль атқарады деген
болжам бар.
Микроэлементтер.
Темір – хлорофилл қҧралуын стимулдайтын кейбір
ферменттер қҧрамына енеді. Ол жетіспесе ӛсімдіктің сабақ-бҧтақтарының ӛсуі
тежеледі, жапырақтар хлорозға (жапырақтар ақшыл сары немесе тіпті ақ тҥске
енеді) шалдығады.
Бор
– пластикалық заттардың жылжуына әсер етеді. Ол ӛсімдіктің ҧшар
басындағы меристеманың қалыпты қызметі ҥшін және тамырларды оттегімен
қамтамасыз ету ҥшін қажет.
Бор жетіспесе ӛсімдіктің ӛсуі кідіреді, ӛткізу жҥйесі бҧзылып,
тамырлардың ӛсуі әлсірейді. Алма мен алмҧрт бор жетіспеген кезде қоңыр
тартып, жемістің ішкі тканьдері ӛзгереді, абрикос жемісінің еті кҥңгірт тартып,
таңқурай бҧтақтарының ҧшы қураған соң тӛменгі жағында бірнеше
бҧтақшалары пайда болады.
Мыс
–
тотықтырғыш ферменттер қҧрамына кіреді. Хлорофилл қҧрауға
қатысады. Ӛсімдікке
мыс жетіспесе оған мырыш, марганец және бор тҥсуі
қиындайды. Мыс кӛбіне қҧрғатылған батпақты жерде бола бермейді. Сӛйтіп
мыс жетіспесе ең әуелі бҧтақтың қабығы шайырланып, жарылған бҧдырмаққа
айналады да, ең соңында бҧтақтың ӛзі қурап қалады.
Мырыш –
кейбір ферменттердің қҧрамында болады. Тотықтыру-қалпына
келтіру процесіне әсер етеді. Ол ағаштардың ыстыққа шыдамдылығын
арттырады, ӛсімдіктің ауруларға деген қарсылығын кҥшейтеді. Мырыш
жетіспесе ӛсімдіктің физиологиялық ауруы, майда жапырақ немесе розетка
ауруы туындайды. Бҧл ауруға шалдыққан ӛсімдік бҧтағының ҧшында бір-біріне
иін тіресе шыққан майда жапырақтар шоғыры пайда болады.
Марганец –
темір секілді хлорофилл қҧрауға мҥмкіндік береді. Азот
биоситезіне қатысады, ӛсімдік тканінің қысқы суыққа деген тӛзімділігіне әсер
етеді. Ол жетіспесе тӛменгі, анағҧрлым кәрі жапырақтардың хлороз ауруы
байқалады, бірақ анағҧрлым жас, ҥстіңгі жапырақтары кӛгеріп тҧра береді.
Молибден –
заттардың азотты
және сулы ерітіндісіне қатысып, амин
қышқылдары, хлорофилл, витаминдер тағы басқа органикалық заттар
синтезінің жылдамдығын арттырады. Молибденнің атмосфералық азотты
бҧршақ тҧқымдастардың бекіту процесін кҥшейту жағдайы маңызы зор мәселе.
Ӛйткені оның егілген бақтың кӛп жылдық бҧршақ тҧқымдас шӛптер (жоңышқа)
шыққан қатараралықтар топырағында азотты қорек қорын молайтудағы
практикалық мәні айтарлықтай.
Осы айтылған макро және микроэлементтердің барлығын жеміс
ӛсімдіктері топырақтан, негізінен минералды қосылыстар тҥрінде алады. Бҧл
жерде топырақ жағдайының маңызы зор.
Топырақ жағдайы дегенде
топырақтың ӛсімдік тамыры ҥшін қажетті минералды қорек элементтері, су мен
ауа, сондай-ақ грунт тығыздығына, топырақ, ерітіндісінің реакциясына орай тҧз
қҧрамы, топырақ буферлігі, оның жылу және ылғал сыйымдылығы дегенді
айтып отырмыз.
Топырақ тіршілік ететін қабат тереңдігі де айтарлықтай роль атқарады.
Мәселен ол қабаттың тереңдігі кӛптеген жеміс ӛсімдіктері ҥшін 2-2,5 м, жидек
дақылдары ҥшін 1,2-1,6 м. кем болмауы керек. Механикалық қҧрамы бойынша
анағҧрлым жеңіл топырақты шие, ӛрік, шабдалы, тәтті шие секілді сҥйектілер,
ал жаңғақ жемістілерден бадам жақсы кӛреді.
Топырақ ерітіндісі реакциясы бойынша жеміс және жидек ӛсімдіктері ҥш
топқа бӛлінеді:
1) сәл ғана қышқыл топырақта (рН 4,6 – 5,7) бҧталы жидектер – қара
қарақат және тҧшала жақсы ӛседі; 2) бейтарап және сәл ғана қышқылданған
(рН – 6-7) топырақ алма, алмҧрт, алхоры ҥшін жақсы; 3) сәл сілтілі топырақта
шие, абрикос, беде жақсы ӛседі.
Жеміс және жидек ӛсімдіктерінің минералды қоректену жағдайы
топыраққа органикалық және минералды тыңайтқыш енгізу, тамырдан тыс
ҥстеп
қоректендіру, қатараралық дақылдарды кезектестіру, сондай-ақ
агротехникалық шаралар жҥйесі жолымен реттеледі. Осы яғни жеміс және
жидек ӛсімдіктерінің тамыр жҥйесінің тіршілігі ҥшін топырақтың физикалық
қҧрамын жақсы жағдайға қарай ӛзгерту ҥшін органикалық тыңайтқыштың,
қатараралыққа кӛп жылдық шӛп егу, топырақ бетін жабындаудың әсері зор.
Топырақ ерітіндісі реакциясын ӛзгерту ҥшін топыраққа әк (қышқылын
тӛмендетуге) немесе гипс (сілтісін тӛмендетуге) енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: