3.8
Арамшӛптер. Арамшӛптерді жіктеу.
Арамшӛп - егін арасында ӛсетін дала ӛсімдіктері. Табиғи шабындықтар
мен жайылым шӛбінің сапасын кемітетін, улы және азықтық қасиеті жоқ
ӛсімдіктер де арамшӛп қатарына да жатады. Бір дақылдың арасында 2-ші бір
дақыл, мысалы бидай егісінде арпа ӛсіп тҧрса, мҧны да зиянды ӛсімдік деп
есептейді. Арамшӛп егіске зор зиянын тигізеді - ылғалға, қоректік затқа ортақ
болады. Егіннің тҥсімін, ӛнімнің сапасын кемітеді, егіске зиянды жәндіктер мен
ауру таратады.
Біздің республикамызда кездесетін арамшӛптер – қара сҧлы, итқонақ,
алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт–сары қалуен т.б. Бҧрынғы ТМД елдерінде
арамшӛптің 1500 тҥрі кездеседі. Егіс танабының арамшӛптерден тазалығы
егіншілік мәдениетінің негізгі кӛрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Қазақстанда 300-ге жуық арамшӛптер кездеседі. Бҧлардың ішінде 120
тҥрлі паразиттік арамшӛптер, оның ішінде 36 тҥрлі арамсояуды, 80 тҥрлі
сҧңғыланы кездестіруге болады. Мҧнымен қатар 220 тҥрлі жартылай паразиттік
арамшӛптер ӛседі. Арамшӛптер осындай кӛп болғандықтан оларды жіктеу
қажет.Жіктеуге негізінен мына белгілер алынған:
1. Ӛсімдіктердің қоректену әдісі
2. Ӛмір сҥру ҧзақтығы
3. Кӛбею тәсілі
Қоректену жағынан алғанда барлық арамшӛптер ҥш топқа бӛлінеді:
1.
Паразиттік арамшӛптер
2.
Жартылай паразиттік арамшӛптер
3.
Паразиттік емес немесе жасыл арамшӛптер
Паразиттік арамшӛптер дегеніміз – басқа мәдени ӛсімдіктер арқылы
қоректеніп ӛмір сҥретін ӛсімдіктер. Олардың фотосинтез процесін жҥргізуге
бейімділігі жойылған, себебі бҧлардың жапырағы жақсы жетілмеген.
Сондықтан олар минералдық заттар мен суды басқа ӛсімдіктерден сорады.
Мәдени ӛсімдіктің мҥшелерімен байланыс жасауына қарай паразиттік
арамшӛптер екіге бӛлінеді:
1.Егер арамшӛптер қоректік заттарды ӛсімдіктің сабағынан алатын болса,
онда оларды сабақтық арамшӛптер дейміз. Бҧған арамсояудың барлық тҥрі
жатады.
2.Егер арамшӛптер қоректік заттарды ӛсімдіктің тамырынан алатын
болса, онда оларды тамырлық арамшӛптер дейміз. Бҧған сҧңғыланың барлық
тҥрі жатады.
Ең кӛп тараған паразиттік емес арамшӛптер. Олар органикалық заттарды
ӛздері дайындайды және сумен онда еріген минералдық заттарды жақсы
жетілген тамырлары арқылы топырақтан алып бойына сіңіреді.
Паразиттік емес арамшӛптер вегетациясының ҧзақтығына қарай екі топқа
бӛлінеді:
1.Аз жылдық арамшӛптер
2.Кӛп жылдық арамшӛптер
Аз жылдық арамшӛптер дегеніміз – екі жылдан артық ӛмір сҥрмейтін,
соның ішінде бір-ақ рет ӛнім беретін ӛсімдіктер. Олар тҧқым арқылы кӛбейеді.
Аз жылдық армшӛптер вегетациялық мезгіліне байланысты бес топқа
бӛлінеді:
1.
Эфемерлер
2.
Жаздық арамшӛптер
3.
Қыстап қалатын арамшӛптер
4.
Кҥздік арамшӛптер
5.
Екі жылдық арамшӛптер
Эфемерлер дегеніміз ӛмірінің ҧзақтығы бір жарым екі айдан аспайды.
Жылдың жылы кезеңінде олар бірнеше ҧрпақ бере алады. Ең кӛп таралған
эфемер –жҧлдызшӛп (Stellarіa L). Ол кӛкӛніс, астық дақылдары мен кӛп
жылдық шӛптерді ластайды. Ылғал жерлерді жақсы кӛреді. Бір ӛсімдіктің ӛзі 25
мыңға дейін тҧқым береді. Тҧқымның ӛнгіштік қасиеті он және одан да кӛп
жылдарға дейін сақталады. Бҧл арамшӛптің сабағының бӛліктерінің ӛзі
тамырланса, жаңа ӛсімдік ӛркендейді. Қазақстанда жҧлдыз шӛпттің 20 тҥрі
ӛседі. Кӛп тарағандары орташа жҧлдызшӛп (Stellarіa medіa (L) Vіll) астық
жҧлдыз шӛбі. (S.Gramіnea L) және орман жҧлдызшӛбі (S..holostea L).
Жаздықтар, ерте жаздықтар вегетатциялық кезеңінде бір ҧрпақ береді.
Тҧқымы ерте кӛктемде ӛніп шығады, ерте дәнді дақылдарды оруға дейін немесе
олармен бірге тҧқым береді. Бҧл топқа кәдімгі қара сҧлы (Avena fatuua L),
жабайы шалқан (Raphanus raphanіstrum L), ақ алабҧта (Chenorodіum album L)
тырнашӛп (Galeopsіs specіosa Mіll), дәрілік аран (Fumarіa offіcіnalіs L), қызыл
таспа таран (Polugonum avіcalare L), кәдімгі егістік маида шӛп (Spergula
arvensіs L ), тағы да және басқалары жатады.
Кеш жаздықтар. Олардың тҧқымдары топырақ қабаты жеткілікті қызған
кездері ӛнеді. Кеш жаздық арамшӛптер астықтарды орып болған кездері ӛнім
береді. Олардың ӛте қауіптілеріне жататындары қызыл қҧйрық (Amaranthus
retroflexus L), кҥрмек (Echіnochloa erusgallі L Rokcmet Schuіt), және басқалары.
Ерте және кеш жаздықтармен негізгі кҥресу тәсілдері-агротехникалық және
химиялық.
Қыстайтындар. Бҧл топ арамшӛптері қыстап шығуға қабілетті. Кей
біреулері гҥлдеу фазасында қардың астында қалып кӛктемде гҥлдеуін қайта
жалғастырады да жеміс береді. Егер кӛгі кӛктемде пайда болса онда олар сол
жылы пісіп жетіледі. Олардың жиі кездесетін тҥрі жҧмыршақ (Capsella bursa
pastorіs L Med), иіссіз тҥймедақ (Trіpleurospermum іnodorum L Sch. Bіp ), және
тағы басқалары. Қыстайтын арамшӛптермен кҥресудің тиімді шаралары
уақытылы аңызды таяз сыдыртып барып, шолақ тӛрені бор соқамен жырту,
кҥздік, жаздық және ортамалы дақылдарды кӛктемде тырмалау және
арамшӛптермен кҥресуге химиялық заттарды пайдалану.
Кҥздіктер. Бҧл арамшӛптер қыстамайынша жеміс бермейді. Ерте
кӛктемде ӛніп шықса да, сол жылы жер таған жапырақтанады және тҥптейді, ал
келесі жылы гҥлдеп жеміс береді. Кҥздік арамшӛптерге арпабас тҥрлері егістік
арпа басы (Bromus arvenssіs L), сіпсебас (Apera spіce ventі L Beauv). Кҥздік
арамшӛптермен кҥресуге тҧқым тазалау, тырмалау, кҥздік дақылдарды
кӛктемде ҥстеп қоректендіру және ылғалдың молдығы мен кҥресуге
агротехникалық тәсілдерді қолдануға жатады.
Екі жылдықтар. Бҧлардың ӛсіп жетілуі мен жеміс беруіне толық екі
вегетациялық кезең қажет. Екі жылдық арамшӛптерден жиі кездесетіндері ақ
және тҧйе жоңышқа, қара меңдуана және тағы басқалары. Екі жылдық
арамшӛптермен кҥресу ҥшін егістік танаптарын сҥдігерге ӛңдеуде қайырмалы
сыдыра жыртқыштар немесе шолақ тҥренді соқамен олардың тамырларын қию,
ал шалғындық және басқада ӛңделмейтін жерлерде шӛптерді тҧқым салмай
тҧрып орып таста.
Кӛп жылдық арам шӛптер дегеніміз-бірнеше жыл ӛсіп, соның ішінде
бірнеше рет дән тҥйіп, ҧрпақ беретін ӛсімдіктер. Олар тҧқымнанд, вегатативттік
мҥшелері арқылы да кӛбейеді. Кӛп жылдық арамшӛптерді тамыр жҥйесіне
қарай мына топтарға бӛлуге болады.
Кіндіктамырлы
арам
шӛптер
тҧқымынан және аздап вегетативттік жолмен кӛбейеді. Бҧлар бау-бақшада,
егістіктерде, парктерде және басқа жерлерде кеңінен тарағ. Арам шӛптердің
бҧл тобына кәдімгі жусан, дәрілік боқбақ , кәдімгі цикори, кҥміс қаз табан
және басқалар жатады.
Шашақ тамырлы арам шӛптер.Олардың тамыр жҥйесі шашақ таралған
жіп тәрізді, әрі кҥшті дамыған. Кӛбінесе тҧқымнан ӛседі. Бҧлар жол
жиектерінде, шалғындықтар, шабындықтар, жыраларда жиі кездеседі. Бҧл
топқа ҥлкен боқа жапырақ, кҥйдіргі сарғалдақ, алисма сияқты басқада
ӛсімдіктер кірелі. Бадана және тҥйнек тамырлы арам шӛптер. Бҧлар негізінен
вегетативттік мҥшелері арқылы кӛбейеді. Бадана тамырлы арам шӛптер
баданалары арқылы, ал тҥйнек тамырлары жер астындағы жуан саабақтарының
кӛмегімен кӛбейеді. Бҧл топтағы арам шӛптер астық және отамалы
дақылдарда, кӛп жылдық шӛптер ішінде кездеседі. Оған жататындар ішінен
примор тҥйнекӛлеңін, батпақ қайызғақ шӛбін, жҧмыр сәлем шӛбін, тҧйнекті
чина және басқаларды атап айтуға болады.
Ӛрмелегіш
тамырлы
арамшӛптер. Бҧл топтың армшӛптері тамыр ӛркендерінен кӛбейеді. Негізінен
осы арамшӛптер астық және техникалық дақылдардың бір жылдық және кӛп
жылдық мал азықтық шӛптерінің арасында ӛседі. Кӛп тараған тҥрлері
ӛрмелегіш сарғалдақ, қазтабан,шырмауық болып табылады.
Тамырлы-сабақты арамшӛптер – ең зиянды ӛсімдіктердің бірі. Олар
вегетативтік жолмен жерасты тамыр сабағы арқылы кӛбейеді. Тамыр сабақ
дегеніміз –тҥрін ӛзгерткен жер астындағы сабақ,онда қыстап шығу ҥшін
қоректік заттар қоры мол жиналады.Бҧл топқа жататын арам шӛптер
ҧйысып,қалың болып ӛседі де,шым қҧрайды,соның салдарынан егілген
дақылдарға ҥлкен зиян келтіреді.Тамыр-сабақты арам шӛптерге жатаған
бидайық,жауқияқ,кӛдімгі
қамыс,
ажырық,қҧмай,дала
қырықбуыны,тағы
басқалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |