«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


Жер шаруашылығындағы ауыспалы егістіктердің ғылыми



Pdf көрінісі
бет59/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

3.7. Жер шаруашылығындағы ауыспалы егістіктердің ғылыми 
негіздері 
Жер шаруашылығында ертеден-ақ дақылдар ауысуының пайдасын білген, 
бірақ оның биологиялық себептерін агрономиялық ғылым ҧзақ уақыт аша 
алмады. Бҧны тҥсіндіруді талпынғандардың бірі Швейцария ботанигі 
Декандолдың ҧсынған теориясы бойынша, ӛсімдік топырақтан барлық қажет 
және қажет емес заттарды алады. Қажет емес заттар топыраққа қайтадан 
қайтып, онда жиналып, қайтадан немесе ҧзақ мезгіл бойы егілетін дақылдардың 
бір танапта ӛсіп-жетілуін тежейдімыс деген.
Неміс ғалымы Таэр XІX ғасырда ‖қарашірінді‖ теориясы бойынша, 
ауыспайтын егістегі ӛнімнің тӛмендеуін тҥсіндіруге талпыныс жасады. Оның 
теориясы бойынша, барлық танаптық дақылдар екі топқа бӛлінеді: топырақты 
қара шіріндімен байытатын және оны жҧтаңдататын. Таэрдің теориясы 
ӛсімдіктердің қара шірінділерімен қоректенуіне негізделді. Дегенмен әрі қарай 
бҧл теория да қате болып шықты.
Ю.Либих ӛзінің ӛсімдіктердің минералды қоректенуі туралы еңбегінде 
дақылдардың ауыстырылмай егілуінен ӛнімнің тӛмендеп кетуінің салдарын, 
топырақтың бір жақты фосфор, калий немесе кальцийлерден азуынан деп 
дәлелдеді. Ӛсімдіктердің қоректік заттарды бірдей мӛлшерде (қатынаста) 
пайдаланбауы негізінде Ю.Либих танаптық дақылдарды ҥш топқа бӛлді: дәнді, 
техникалық және малазықтық дақылдар. Сонымен қатар, ол дақылдардың 
ауыспалы егістіктердегі ауысып тҧруын ҧсынды. 
Бҧршақ дақылдарының тҥйнек бактерияларымен селбесуде (симбиозда), 
олардың ауадағы бос азотты (78%) ӛзіне қарай жҧтып алып, топыраққа 
сіңіретіні ғылымда дәлелденді. Мҧндай қасиеті жоқ басқа дақылдар, бҧршақ 


дақылдарынан кейін егілген кезде топырақтағы азотты пайдаланып, ӛнімінің 
кӛбейетіні белгілі болды. Сонымен, Ю.Либих ӛсімдіктердің минералды 
қоректену теориясы негізінде дақылдардың ауыспалы егісте ауысып тҧруының 
қажет екендігін дәлелдеді. Бірақ ол тҧжырым химиялық тҥрғыдан бір жақты 
болды. Оның тҧжырымы бойынша, егер топыраққа сіңірілетін және топырақтан 
ӛніммен алынатын қоректік элементтер тең болса ауыспалы егістер қажет емес.
Ю.Либих теориясымен қатар, басқа да бағыттар – ауылшаруашылық 
дақылдарының ауысуының физикалық негіздері туралы (П.А.Костычев, 
В.Р.Вильямс) бағыттар дами бастады. В.Р.Вильямс барлық дақылдарды екі 
топқа бӛлді: топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартатын және 
нашарлататын. Бҧл теория бойынша, ауыспалы егісте топырақтың қҧрылымына 
әсер етпейтін немесе оны бҧзатын дақылдардан (дәнді және басқа дара 
жарнақты) кейін, топырақтың осы қасиетін жақсартатын дақылдар (кӛп 
жылдық шӛптер) егілуі керек.Белгілі ғалым Д.Н.Прянишников ауыспалы 
егістер туралы ӛзіне дейінгі деректерді сараптай және әрі қарай дамыта келе, 
ауыспалы егісте дақылдардың дҧрыс ауысуынан ауылшаруашылық 
дақылдарының ӛнімінің жоғарылауының тӛрт тҥрлі себептерін ҧсынды. Ол 
себептерге мыналар жатады: химиялық, физикалық, биологиялық және 
экономикалық. 
Химиялық себептер.
Ӛсірілетін ауылшаруашылық дақылдар топырақтан 
қоректік элементтердің бірдей мӛлшерін пайдаланбайды. Астық дақылдарына 
қарағанда, қант қызылшасы, қырыққабат топырақтан азотты кӛп пайдаланады. 
Бҧршақ дақылдары ҥшін топыраққа азот беру онша қажет емес, себебі олар 
ӛздері азотты атмосферадан алып, топырақты азотпен байытады. Сондықтан
бҧршақ дақылдарынан кейін азотты кӛп қажет ететін дақылдар егілетін 
болса,топырақтағы азот тиімді пайдаланылады. Астықты дақылдар азот пен 
фосфорды калийге қарағанда кӛп сіңірсе, керісінше қант қызылшасы, кҥнбағыс, 
картоп азот пен фосфорға қарағанда калийді кӛп пайдаланады. Егер осы
дақылдарды ауыстырып екпесе, топырақтағы элементтердің аралық қатынасы 
бҧзылады, яғни астық дақылдары бір танапқа жылда егілетін болса, онда ол 
жерде азот пен фосфордың мӛлшері аз болғандықтан, астық ӛнімі азайып 
кетеді. 
Дақылдарды ауыстырудың маңызды себебі – дақылдар тамырларының
топырақты бойлай таралу тереңдігі мен олардың қоректік заттар және ылғалды 
топырақ қабаттарынан пайдалануының тҥрліше болуы. Мысалы, астық 
дақылдары шашақ тамырлы болғандықтан, олардың тамырлары топырақта таяз 
тереңдікте болады, кҥнбағыс, қызылша дақылдарының тамырлары 2-3 м 
тереңдікте, ал бҧршақ шӛптерінің (жоңышқа, беде және басқа) тамырлары 5-6 
метрге дейін таралған. Бҧл дақылдарды ауыспалы егістерде ауыстырып еккен 
жағдайда ғана, топырақтың әр қабаттарындағы қоректік элементтер тиімді 
пайдаланылады. Кейбір дақылдар тамырларының (бӛрі бҧршақ, қара қҧмық) 
топырақтағы нашар еритін қоректік заттарды пайдаланатын қасиеттерінің 


арқасында, топырақта онша пайдаланылмай қалған жақсы сіңірілетін химиялық 
элементтерді келесі егілетін дақылдар сіңіреді.
Ауыспалы егісте, қандай дақыл қанша танапты алатынын және қай 
дақылдардан кейін ауысып егілуін аса қадағалау керек. Мысалы, бірқатар 
техникалық дақылдарды (қант қызылшасы, мақта,) міндетті тҥрде жоңышқадан 
кейін еккен дҧрыс, ӛйткені жоңышқа егілген жердің топырағының 
микробиологиялық ҥрдістері және ауа мен су режимдерінің жақсартылуымен 
қатар, одан кейін топырақта біраз мӛлшерде (гектарына 200-350 кг) азот 
қосылыстары тҥзіледі. Сонымен ауыспалы егістегі дақылдарды алмастырумен, 
топырақтағы қоректік заттарды дҧрыс және тиімді пайдалану арқасында 
ауылшаруашылық дақылдарының ӛнімін және оның сапасын арттыруға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет