Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер Оқу мақсаты



Дата14.05.2020
өлшемі179,14 Kb.
#67995
түріСабақ
Байланысты:
Айдана сабақ жоспары 1

Қысқа мерзімді жоспар





Пән: қазақ тілі

Күні: 13.04.2020ж

Сынып: 2а

Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп

Машықкер: Амангелдіқызы Айдана

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі етістіктер

Оқу мақсаты:

2.1.4.1- тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.3.5.1- жіберілген пунктуациялық,орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Сөйлем ішінен,мәтіннен етістікті табады.

Басым бөлігі: Етістіктердің дара және күрделі түрлеріне ажыратады.

Кейбіреуі: Етістіктерді қолданып, мәтін құрай алады.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар етістікті басқа сөз таптарынан ажырата алады. Етістіктің дара және күрделі екенін анықтайды. Өз бетінше жұмыс істей алады. Тапсырмаларды орындайды.

Құндылықтарды дарыту:

Бірлікке,білімпаздыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар:

Әдебиеттік оқу және дүниетану

Ресурстар:

Суреттер ,постер, ақ парақтар,оқулық

Әдіс - тәсілдер

Блиц кездесу,Миға шабуыл, Ашық микрофон,Ойлан,бірік,бөліс, Есте сақта,Артығын алып таста,ҚҚҚ,Жаттығу әдісі.

Жоспарланған уакыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы



Оқушылармен амандасу.

-Сәлеметсіңдер ма балалар?

-Көңіл-күйлерің жақсы ма? Олай болса сабағымызды бастайық.



Психологиялық ахуал. «Блиц кездесу» әдісі

Екі оқушы бір- біріне қарап тұрады. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып,мұғалім айтқан негізгі сөзді бар –жоғы 30 секундта әріптесіне түсіндіріп үлгеруі тиіс. Негізгі сөз алдыңғы өтілген сабақ бойынша қойылады. Мысалы: Етістік дегеніміз не?








Үй тапсырмасы

«Миға шабуыл » әдісі. Етістіктерді қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін постер құратамын.


Ақ парақтар

Жаңа сабақ

Сабақтың ортасы

Дәптермен жұмыс


Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер.

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын өткенге бір шолу жасап өтейік.

- Етістік дегеніміз не?

Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы.

-Етістіктің неше түрі бар?

Дара және күрделі етістіктер.

-Жарайсыңдар балалар, бәрін еске түсіріп алсақ сабағымызды бастайық!

1)«Ашық микрофон» әдісі арқылы оқулықтағы тапсырманы ауызша орындаймыз.Кестеге қарап дара және күрделі етістіктерді анықтап,ажыратамыз.




Дара етістік

Күрделі етістік

Жазды,ұшты,жүзді, күлді,түсті.

Жазып отыр,ұшып бара жатыр,жүзіп жүр,күліп отыр,түсіп кетті.

Оқушылықтарды жылы лебіздер білдіріп бағалаймыз.

Балалар, дара етістіктер бір сөзден тұрады,ал күрделі етістік екі немесе үш сөзден тұрады. Қане балалар бәріміз хормен айтамыз.Оқушылар хормен айтады.


2)21 жаттығу. Мысалды оқып,әрі қарай не болатынын болжаңдар. «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі арқылы оқушылар қатар бойынша топқа кіріктіріліп,тапсырманы орындайды.

Құмырсқа мен шегіртке

Кішкентай құмырсқа нанның қиқымын алыпенлн жатып, байқаусызда шұңқырға түсіп кетеді. Мұны көрген шегіртке мазақтап күледі. Осы кезде оны....




Ашық микрофон әдісі
Оқулық

Ойлан,бірік,бөліс әдісі

суреттер


Шығармашылық жұмыс

Әр топ мысалды өз ойларымен жалғастырады,өз мысалдарындағы дара және күрделі етістіктерді табады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.

3)22- жаттығу. Даптермен жұмыс. Оқушылар өлеңді қатесіз көшіріп жазып етістіктерді табады. Дара және күрделі екенін ажыратады.

Өзі мықты не деген,

Жүгі қандай зор еді?!

Тип-титімдей денемен,

Тау көтеріп келеді.

4)Сергіту сәті. «Есте сақта» ойыны. Ойынға 5 оқушы қатысады, мұғалім бірінші оқушыға бір мәтін айтып береді,ол оқушы екінші оқушыға сол мәтінді қайталап айтуы тиіс, сөйтіп ойын жалғаса береді. Соңғы оқушы мәтінді айтқанда мәтіннің өзеріп кеткенін байқайды. Балалар қай оқушыдан қате кеткенін анықтайды.

5)24 –жаттығу.Оқулықта берілген дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жазу.

Өсті,жуды,сүзді,озды тоқыды,

Менің гүлім жақсы өсті. Әпкем ыдыс жуды.тұлпар бәйгеден басып озды. Анам кеудеше тоқыды.

6)Шығармашылық жұмыс. «Артығын алып таста» әдісі.Оқушыларға бүгінгі сабаққа қатысты және қатысты емес сөздер беріледі.Оқушылар сабаққа мүлдем қатысы жоқ сөздерді тауып алып тастайды.

Құмырсқа мен шегіртке,жазды, етістік,майшам,көтеріп келеді, ауаны,озды, сыныпта, тіп-титімдей,мықты,қайшы.



7)25 – жаттығу.Оқушылар оқулықтағы ребусты шешіп, шыққан жауапқы сөйлем құрастыруы тиіс.

Жауабы: Озып келді.



8)26 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді табады.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған онбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.


дәптер


Есте сақта ойыны

Артығын алып таста әдісі

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

«ҚҚҚ» әдісі бойынша оқушылар кесте толтырады.

Қызық

Құнды

Қиын











Рефлексия.Жаттығу әдісі

Балаларға сабақ ұнамаса жартылай отырады

Орташа ұнаса толық отырады

Балаларға өте қатты сабақ ұнаса орнынан тұрып, қолын жоғары көтеріп шапалақ ұрады.



ҚҚҚ әдісі

кесте


Үй тапсырмасы

82 бет 32 жаттығу. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазуы тиіс.

Оқулық

82 бет


Әдіскер:


Баға:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет