«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет58/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Аралық дақылдар. 
Аралық дақыл дегеніміз негізгі дақылдардан бос 
уақытта танапқа себілетін дақылдар. Аралық дақылдарды себу арқылы әр 
жерден жылына екі рет ӛнім алуға мҥмкіндік болады. Бҧлар 
үстемелік, 
шабындық, аңыздық және күздік
болып бӛлінеді. 
1. Бір дақыл себілген кезде 
онымен бірге тағы бір дақыл егілсе, оны 
үстемелік
дақыл дейді. Мысалы,
республикамыздың суармалы жерлерінде арпамен бірге жоңышқа егіледі. Жаз 
ортасында арпаны орып алғаннан кейін жерді суарып жіберіп кҥзге қарай 
жоңышқаны шӛпке шауып алуға болады. Сҥрлемге арналған жҥгерімен бірге 
қант қызылшасын егуге болады. Шілде айында жҥгеріні сҥрлемге шауып 
алады, қазан айында қант қызылшасын жинауға болады.
2. Шӛпке, кӛк балаусаға арнап себілген дақылдар орылып алғаннан 
кейін, егілген дақылдарды 
шабындық
аралық дақылдар дейді. Қазақстанның 
оңтҥстік облыстарында шӛпке арналып себілген қара бидайды, сҧлыны (не бҧл 
дақылдармен бҧршақ тҧқымдастар араласқан) гҥлдеу кезінде шауып алады да, 
оның орнына жҥгері, арпа, тары егіп, тағы бір ӛнім алуға болады. 
3. Масақты дақылдар пісіп, оны орып алғаннан кейін егілген дақылдарды 
аңыздық 
аралық дақылдар дейді. Мысалы, Қазақстанның оңтҥстік, оңтҥстік 
шығыс облыстарында кҥздік бидай маусым айының аяғында шілде айының 
басында пісіп ораққа ілігеді. Босаған жерді суарып жіберіп, орнына жҥгері 
сеуіп сҥрлем алуға болады. Тары мен қарақҧмықтың ерте пісетін сорттарын 


егіп, тағы бір дән алуға болады. Сӛйтіп, республикамыздың суармалы 
жерлерінен бір жылда екі рет астық алуға болатынын тәжірибе кӛрсетіп отыр.
4. Кҥзде себіліп кӛктемде негізгі дақылдар себілгенше шӛпке, 
пішендемеге шабылып алынатын дақылдарды 
күздік аралық
дақылдар дейді. 
Мысалы, кҥзде шӛпке арнап қара бидайды, кҥздік бидайды егуге болады. 
Мамыр айының аяқ кезінде бҧл дақылдарды шӛпке шауып алып, жерді суара 
салып, ол жерге жҥгері сияқты кеш себілетін дақылдарды ексе, одан тағы бір 
ӛнім алынады. Бҧл жағдайда жҥгерінің ӛнімі, әдетте, оны ерте кӛктемде 
сепкеннен кем болмайды. 
Аралық дақылдар тек қана суармалы жерден алынатын ӛнім мӛлшерін 
кӛбейтіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың ҥлкен агротехникалық 
маңызы да бар. Аралық дақылдар танаптағы арамшӛптердің санының азаюына 
септігі тиеді. Олар топырақта кӛптеп органикалық заттар қалдырып, жердің 
физикалық қасиетін жақсартады. Қажетті тыңайтқыштарды уақытылы бергенде 
аралық дақылдар егілген жердің қҧнарлылығы кемімейді, керісінше оның 
қҧнарлылығының арта тҥсетінін ғылыми деректер кӛрсетіп отыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет