қарағанда сыдыра жырту тереңдігі жоғары болады, әйтпесе егілген
дақылдардың ӛнуі біртегіс болмайды.
Сҥдігер жырту мен тырмалауды арамшӛптер қаулап шыққан кезде
жҥргізеді. Жырту кезінде арамшӛптер тамыры терең кесіледі.
Суармалы аудандарды сҥдігер жыртудың мақсаты: топырақтың сулану
тереңдігін яғни топырақтың су ӛткізгіштігін арттыру.
Топырақ кеуіп кеткен болса, жырту алдындағы суарылу жҥргізіледі.
Бҧдан соң арамшӛптер қаулап шығып жыртылатын жердің сапасы артады. Кей
жағдайда жҥйектік дақылдар егілген танаптарда сумен байыту жерді аударудан
бҧрын жҥргізеді. Суарылып болып топырақ пісіп жетілгеннен кейін суару
жҥйелерін тегістеп пайда болған арамшӛптерді жою ҥшін тырмалау және
культивация жҥргізіледі. Әдетте жҥйектік дақылдар егілген танаптар бос
болады және арамшӛптерден таза болады. Сондықтан олардың кейін кҥзде
сыдыра жырту жеткілікті.
Кӛпжылдық шӛптер егілген танаптарда әдетте арамшӛптер кӛп болады.
Мҧндай жерлердегі топырақтарды ӛңдеу кезінде арамшӛптерді жойып,
жыртылатын қабат қҧрылымын қопсытып, кӛпжылдық шӛптердің тамырларын
жою қажет. Ол ҥшін танаптарды дискілі қҧралдармен ӛңдеп, сонан соң соқамен
жыртады.
Жазғы дақылдарды егу алдындағы топырақты ӛңдеу. Ондағы мақсат:
топырақ ылғалдылығын сақтау, арамшӛптерді жою, мәдени дақылдарды егуге
және олардың ӛніп ӛсуіне ынғайлы жағдай тудыру, танапты вегетациялық
суаруларға дайындау. Топырақты егу алдындағы ӛңдеуді ерте кӛктемге
ылғалды ҧстап тҧру ҥшін тырмалаудан бастайды. Ерте егілетін жаздық
дақылдар ҥшін, жерді тырмалағаннан кейін тҧқым себілетін тереңдікте
культивацияланып, сонан соң егеді.
Кеш егілетін жазғы дақылдар ҥшін топырақ 10см тереңдікте 10-14
о
С-қа
жылығаннан кейін, кӛктемгі тырмалаудан басқа, арамшӛптерді жою ҥшін 2-3
рет культивация жҥргізеді. Культивациямен қатар тҧқым себу тереңдігіне сай
тырмалау жҥргізіледі.
Суармалы аудандарда тығыздалған топырақтарды терең қопсыту қажет.
Оны чизель культиватормен тырмалаудың алдында немесе одан кейін
жҥргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: