жер суару ережесі, тәсілі бҧзылып жҥргізілсе, бір реттің ӛзінде ғана әр
гектардан 40-50 тонна топырақ шайылып кетеді екен.
Ирригациялық эрозия топыраққа келтіретін зиянына қарай екіге бӛлінеді:
а) суару эрозиясы, яғни жайдақ эрозия,
дақылдарды суару кезіндегі
болатын танаптағы топырақтың шайылуы;
б) жҥйелер эрозиясы, яғни сызықтық эрозия – арықтар мен каналдардың
судың әсерінен қазылып шайылуы.
Эрозияның бірінші тҥрі – суару эрозиясы кезінде топырақтың майда,
жеңіл, қҧнарлы бӛлігі танаптың биік жерінен сумен тӛмен жеріне ағып барады
да, танаптағы топырақтың қҧнарлылығының әртҥрлі болуына әкеп соғады. Жыл
ӛткен сайын танаптың биік бӛлігінің қҧнарлығы кеми тҥседі. Су эрозиясын
болдырмаудың ҥш тҥрлі жолы бар.
1. Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының
бағытына кӛлденең сыдыра жырту,
қыста қар тоқтатып, кӛктемде судың ағыс
екпінін кеміту ҥшін егілген егістіктердің сабақтарын сол кҥйінде қалдыру,
топырақ қҧрылымын жақсарту т.б.
1.
Орманды-мелиоративтік шаралар:жыралар мен сайлар жағалауына,
ӛзендер айналасына, суару жҥйелерінің бойына міндетті тҥрде ағаштар, бҧталар
отырғызу.
2.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік
қҧрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас ҥшін арықтар мен
каналддардың табаны мен ішкі қабырғаларын су ӛткізбейтін заттармен (плита,
латоктар,полиэтилен) қаптау.
Соныме қатар су эрозиясын блдымау ҥшін тӛмендегідей қосымша
шаралар да жҥргізіледі:
- суды ағызып суарудың орнына жаңбырлатқыш
техникаларды қолдану
керек – топырақты тек жер астынан суландыратын арнаулы тҥтіктер жҥйесін
қолдану ӛте жақсы нәтиже береді;
- су жҥретін жҥйектерді мҥмкін болғанша аз еңістікке қарай тарту ҥшін
отамалы дақылдарды еңістікке кӛлденең себеді;
- су жҥретін арық жҥйелерінің ішін суға езілмейтін заттармен жабады,
әртҥрлі темірбетон қҧбырлар, науалар қолданылады;
- су жҥретін жҥйектердің ҧзындығы, тереңдігі, оның ішімен жҥретін су
мӛлшері топырақтың тҥріне байланысты топырақ
шайылмайтындай етіліп
ӛзгеріп тҧруы тиіс;
- эрозияға ҧшыраған жерлерге кӛп жылдық шӛптер жиі егілетін ауыспалы
егістер қолдану керек;
- эрозиядан қатты зардап шеккен танаптарға әртҥрлі шӛптер егіліп, бҧл
танаптар ауыспалы егіс жҥйесінен шығарылып тасталуы тиіс;
- эрозияға ҧшыраған жерлерге органикалық тыңайтқыштар қолдану
жақсы нәтиже береді. Әр гектарға 40-45 тонна кӛң сіңірілсе, топырақтың
физикалық қасиеттері едәуір жақсартады;
- жердің қҧнарлылығын кӛтеру ҥшін бҧршақ тҧқымдас
дақылдарды
жасыл тыңайтқыш (сидераттар) ретінде қолдану керек;
- жерді тегістеу, планировка жасау да ирригация эрозиясын азайтады;
- танаптарға су жеткізуге арналған арықтар жҥйесі топырақты шайып
тереңдей бермеуі ҥшін жердің ыңғайына қарап әртҥрлі тҧспалар, бетонды
тӛккіштер жасау керек.
Осы шараларды ҧқыпты қолданған жағдайда топырақтың су эрозиясына
ҧшырауы тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: