«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет56/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
3.5
 
Топырақты ӛңдеудегі технологиялық операциялар. 
 
Тәсілдермен қҧралдардың кӛп тҥрлерінің бәрімен топырақты ӛңдеу ҥшін 
олардың топыраққа әсер ету тҥрлерін топырақтың ӛңдеу қабатындағы болатын 
мынадай технологиялық операцияларға ҧластыруға болады: 


- ҧнтақтау немесе қопсыту, аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, 
тығыздау, топырақ, бетіне белгілі бір форма беру (профильдеу). 
Топырақты ҧсату немесе қопсыту нәтижесінде топырақтың ӛңдейтін 
қабатын тҥйіртпекті жҧмсақтық жағдайға келтіреді. Осының салдарынан 
капиллярлық емес қуыстылық кӛбейеді, топырақтың су және ауа ӛткізгіштігі 
артады, топырақтың аэробты микрофлораларының тіршілігі жақсарады. 
Қҧрғақшылық 
аудандар ҥшін топырақ кӛбінесе 2-10см дейінгі 
фракцияларға ҧнтақталуға тиіс. Кӛлемі 10см ҥлкен кесектердің мӛлшері 20 
пайыздан аспауы керек. Жыртқанда топырақтың ҧсақталуының 5см ҧсақ 
кесектердің мӛлшері арқылы анықтауға болады. 
Кӛлемі 5см-ден кішірек кесектердің мӛлшері 85 пайыздан артық болса, 
ҧсақтылық жақсы деп есептелінеді. Бірақ мҧндай ҧнтақталуда топырақ 
қалыптасуы тым борпылдақ және беріктігі шамалы болады және ірі кесектердің 
аса ҧсақ кесектерге ыдырағанда ғана жырту қабаты берік ҧсақ тҥйіршікті 
қҧрылымға ие болады. Сондықтан да жырту қабатының қалыптасуы мен 
қҧрылымының қолайлы параметрлеріне жетуі ҥшін, Ауыл шаруашылық 
дақылдарын сеппестен бҧрын қопсыту мен ҧсақтауды жыртылатын қабаттың 
барлық тереңдігіне жҥргізу керек. Егер терең ӛңдегеннен кейін 50мм-ден кіші 
кесектердің мӛлшері 70 пайыздан кӛбірек, ал егіс алдында ӛңдеуде кӛлемі 
25мм-ден кіші агрегаттардың 0-10см қабатындағы мӛлшері 80 пайыздан артық 
болған жағдайда ғана жырту қабатының қолайлы қалыптасуына жетуге 
болатыны анықталды. 
Топырақты аудару ӛңделетін қабаттың ҥстіңгі бӛлігін тӛменге, ал 
астыңғысын жоғарыға араластыру. Аударуда мынадай нәтижеге жетеді. 
1. Кҥн жарығынан бӛліп тастаудың салдарынан, ӛсіп-ӛніп келе жатқан 
ӛсімдіктердің опат болуы; 
2. Арамшӛптердің тамырын және тамыр сабақтарын топырақтың беткі 
қабатына кӛшіру; 
3. Топырақтың қҧрылымы жақсы тӛменгі қабатын жоғары бетіне шығару; 
4. Арамшӛптер ҧрығын тӛменгі қабатқа тҥсіру; 
5. Топыраққа тыңайтқыш пен ӛсімдік қалдықтарын сіңіру. 
Топырақты аударудың пайдасына қарамастан оны әркезде және барлық 
жерде бірдей қолдана бермейді. Қҧрғақшылық аудандарда топырақты аудару 
оның кеуіп кетуін кҥшейтеді. 
Топырақты араластырғанда топырақ агрегаттарымен бӛлшектері ӛзара 
алмаса орналасады, ӛңделетін қабат біркелкі кҥйге ие болады. Араластыру егер 
ӛңделетін қабаттың барлық, қалыңдығы бойына тыңайтқыштарды химиялық, 
улы химикаттарды біркелкі тарату қажет болғанда ғана қолданылады. Жырту 
қабатының кҥшті араласуына, біркелкілігіне топырақты фрезермен плугтармен 
ӛңдегенде жетуге болады. 
Кесу - ӛңделетін қабатты кесу топырақты аудару араластыру және 
қопсыту процестерімен жалғастырыла жҥргізілетін операция болып табылады. 
Кесу ӛсіп-ӛніп келе жатқан арамшӛптердің олардың тамыр жҥйелерін қырқу 
сияқты маңызды мақсатты кӛздейді, арамшӛптермен кҥресуде мҧндай 


технологиялық операциялар бәрінен де бҧрын қажет. Кесу топырақ ӛңдейтін 
кесетін жҧмыс органы бар қҧралдармен плугтермен, культиваторлармен, 
дискілермен және қайырмалы сыдыра жыртқыштармен жҥзеге асырылады. 
Қҧрғақшылық аудандар ҥшін топырақты аудармай кесіп және қопсытатын 
культиватор жазық тілгіш қҧралдары қолайлы. 
Тегістеу - технологиялық операция ретінде топырақ бетінің тегіссіздігін 
жояды. Топырақты тегістеу ауылшаруышылық дақылдарын себу алдында ең 
ҥлкен мәні бар ӛйткені тҧқымды тиісті тереңдікке біркелкі сіңіруге жағдай 
туғызуды қамтамасыз етеді. Топырақ бетін тегістеу топырақ кесектерді жою 
топырақтағы ылғылдың ҧшып кетпеуіне және жиналуына мҥмкіндік туғызады. 
Тығыздау – технологиялық операциясы топырақтың кесектігі мен 
борпылдақтығын жою ҥшін қажет. Тағыздауда топырақтың жалпы және 
капиллярлы емес қуыстылығын тӛмендетеді, ӛңдеу қабатындағы судың булану 
диффузиясын азайтады. Тығыздау себілген тҧқымдардың топырақпен 
жанасуын жақсартады, бҧл олардың бӛртуіне немесе егіс кӛгінің ӛте тегіс 
қаулап ӛсуін қамтамасыз етеді. Тығыздау қопсыту сияқты топырақтың 
жыртылу қабатына қолайлы қҧрамын беруге бағыталады. Тығыздауды 
механикалық қҧрамы ауыр, жақсы қҧрылымы бар топырақтар бәрінен де жиі 
қажет етеді, ӛйткені олар терең ӛңделгеннен кейін ҧзақ уақыт бойы артық 
борпылыс кҥйінде болуға бейім келеді. Тығыздау ҥшін катоктардың әр тҥрлі 
типтері қолданылады. Бәрінен бҧрын сумен салмақтанатын тегіс жҧмыр немесе 
бҧдырлы соқаны жиі пайдаланады. 
Пішіндеу (профилирование) - егіс алаңы бетін – жердің жоғарғы бетін 
белгілі бір формаға келтіру қажет болған жағдайда жҥргізіледі. 
Мысалы – жҥйек, жал, имек, ҧялар, микроқолтабан жасау. 
Топырақ бетіне белгілі пішін берудің арасында ылғал бӛгеледі, 
топырақтың эрозияға тӛзімділігі артады, жылу мен ауа қабылдау қасиеттері 
жақсарады. Топырақ бетін пішіндеу қайта жабдықталған барозда жасағышпен, 
арнаулы плугпен жыртқанда ғана пайда болады. 
Егін аңызын сақтау – танап бетінде аңыз сабақтарын сақтай отырып 
топырақты ӛңдеу кеңінен қолданылады. Топырақты дефляциядан қорғау ҥшін 
0,5–тен 2,24 тоннаға дейін дәнді дақылдардың сабақ қалыңдығын немесе бір 
шаршы метрге 100-300 дана тҥбірде тҧрған сабақтардың болуын талап етеді. 
Аңыз сабақтар сақтауды культиваторлы жазық тілгіш шанышпалы тырмамен, 
аңыздық сеялка культиваторымен жҥзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет