272
Екінші сатысында сымдар құбырларға тартылады және барлық
жалғаулар жүзеге асырылады. Құбырды ашық тарту монтаждаудың
екінші кезеңінде құрылыс-әрлеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін
орындалуы мүмкін.
Сымды құбырлардың ішіне тарту сым немесе арқан көмегімен
жүзеге асырылады. Бұл жағдайда
құбырдың бос ұштарынан
тығындар мен бітеуіштерді алып тастайды, ауаны үрлеу арқылы
құбыр жүйесін тексереді, оған тальк үрлейді (сымның құбыр
қабырғасына үйкелуін азайтуды жеңілдету үшін)
және ұзын болат
таспаны немесе ұшында шары бар болат ораманы созады, не
болмаса, ұшында тұзағы бар диаметрі 1,5...3,5 мм болат сымды
тартады.
Құбыр жүйесінің ұштарына сымдардың оқшаулауының істен
шығудан қорғауға арналған тығындар орнатылады.
Қимасы
үлкен
сымдар
арнайы
қармауыштар,
шағын
жүкшығырлар, әмбебап электрлік монтаждау сымы және басқа да
жабдықтар (иінтіректі, пневматикалық) көмегімен тартылады.
Тігінен тартылған құбырларға
сымды төменнен жоғары қарай
тартатын болады және оқшаулау қысқыштары көмегімен бекітеді
(сымдардың қимасы 50 мм
2
дейін – 30 м сайын, қимасы 70...150 мм
2
8.25 сурет. Құбыр әзірлемелері:
а
— әр түрлі бұрыш жасап бүгілген құбырлар; б — иілген құбыр жинақтары; в — тік
құбырлар жинақтары және блоктары; г — жалпы ернемектері бар құбыр блоктары
273
— 20 м сайын, қимасы 185...240 мм
2
—15 м сайын).
Болат құбырлардың ішкі тегіс беті және сыртқы бетінде
коррозияға қарсы жабыны болуы керек (құрылыс құрылымдарына
монолитті құйылатын құбырдан басқа)ү
Сымдардың құбырға салынған жалғаулары мен тарамдары
тығыздама қорабында дәнекерлеу немесе қысу арқылы жүзеге
асырылады; сымдарды құбырлардың
ішінде тікелей жалғауға жол
берілмейді.
Жұқа қабырғалы қабырғасының қалыңдығы 1,5 мм кем емес
болат
құбырлар
жерге
тұйықтаушы
өткізгіштер
ретінде
қолданылады. Үздіксіз жерге тұйықтау тізбегін қалыптастыру үшін
және жалғанған құбырлар арасында тиісті электрлік контактіні
қалыптастыру үшін жасырын және ашық төсеу жағдайында жерге
тұйықталған нейтралі бар желілерде әр құбырмен бірге екі-үш
нүктеде металл қораптарды, жалғастырғыштарды,
манжеттер мен
гильзаларды дәнекерлеу ұсынылады. Осылайша, құрамына
құбырлар, тарамдалған және керілісті қораптар енетін үздіксіз
электрлік желі қалыптасады.
Бірнеше болат құбырды қатарынан жасырын салған жағдайда
оларды өзара тегіс болат жолақтармен дәнекерлеу арқылы
жалғастырады. Жерге тұйықтау магистральдері болмаған жағдайда
қимасы фазалық сымның 50 % кем
емес төртінші сымда тартады
(қимасы 1,5 мм
2
мыс және қимасы 2,5 мм
2
алюминий). Толықтай
жинақталған құбыр жүйесін қорғаныштық жерге тұйықтау
контурына екіден кем емес орында жалғастырады (құбыр жүйесінің
басынан және соңынан).
Достарыңызбен бөлісу: