Технологиясы



Pdf көрінісі
бет111/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

Құбырлар 
және 
құбырлық 
электр 
сымдарының 
индустриалдық дайындамасы

Құбырларды 
және құбыр 
ажыратқыштарының элементтерін дайындау мен өңдеу, оларды 
құбыр блоктарына, пакеттеріне мен тораптарына жинау, сонымен 
қатар, оларды құбырларға төсеу үшін электр сымдарын өңдеу мен 
дайындауды монтаждаудың бірінші кезеңінде МЭЗ индустриалды 
түрде орындайды. Жеке құбырлық учаскелерді байланыстырушы 
және тармақтаушы қораптармен және оларға тартылған сымдармен 
жинақта 
дайындайды 
және 
жинайды. 
Шағын 
құбыр 
ажыратқыштарын монтаждау үшін жеке тұрған жетектерге 
стандартты алдын ала дайындалған құбыр тетіктерін қолданады, 
осылайша құбырды монтаждау тетіктерін жинау мен құбырларды 
тікелей кесуге алып барады.
 
Монтаждау ұйымдарындағы қолданыстағы технологиялық 
желілер бір-бірінен құбыр элементтерін өңдеу мен дайындау 
бойынша операцияларды механикаландыру дәрежесімен, оның 
ішінде құбырларды тазалау мен кептіру әдістерімен ерекшеленеді. 
Технологиялық желі әдетте боялған, боялмаған құбырларды және 
құбыр дайындамасының әзір элементтерін, сонымен қатар, 
құбырларды сырлау мен механикалық өңдеу бөлімшелерін қаттауға 
арналған алаңнан тұрады. Қаттауға арналған алаңдар ашық ауада 
болады. 
Технологиялық желіде болат құбырларды өңдеу бойынша келесі 
операциялар орындалады: сұрыпталымы мен өлшемі бойынша 
стеллаждарға өңделмеген құбырларды қаттау, құбырларды бояу 
және кептіру, стеллаждарға боялған құбырларды қаттау, оларды 
белгілеу және кесу, кескеннен кейін құбырларды ұштарын тазалау, 
бұрандасын кесу, майыстыру, құбырларды жинақтау және таңбалау. 


263 
Құбырларды механикалық өңдеуді келесі тәртіпте орындайды 
Белгілеу рольганг-үстелде тұтас құбырларды жеке өлшегіш 
кесінділерге орналастырады. Құбырларды түрлі атқарымдағы құбыр 
кескіш білдектермен, сондай-ақ, маятникті немесе дискілі 
аралармен кеседі. Бұранда кесетін білдек және бұранда 
айналдыратын патрондар мен бұранда кескіш көмегімен болат 
құбырдың ұшында бұранданы орындайды. Құбыр райбері немесе 
конустық фрезамен құбырдың ішкі диаметрі бойынша жүздерін 
алады. 
Қол және жетекті иілгіш білдектерде тұтас құбырларды, 
мысалы, УШТМ-2 әмбебап шинаны құбырды иілгіш білдекте бүгеді 
және кеседі. 
Технологиялық 
желінің 
құрылғыларын 
орналастыруды 
жоспарлау қалыптандырылған қашықтыққа сәйкес жүргізіледі: 
білдектен қабырғаға дейін (баған) – 800...1000 мм; ағын бойынша 
білдектер арасында – жұмыс орындарын байланыстыратын көлік 
құралдарының өлшемдеріне тәуелді, алайда 1500 мм кем емес. 
Монтаждау ұйымдарының тәжірибесінде негізінен құбырлық 
трассаның элементтерін индустриалдық дайындамасының төрт 
тәсілі қолданыс тапты. 
1.
Алдын ала өлшеместен құбыр дайындайтын тізімдеме және 
жоба эскизі бойынша. 
Жоба құрамына кіретін құбыр дайындайтын 
тізімдемеде дайындаманың барлық бөлшектерін жіктемесі 
жүргізіледі. Осы жіктеме бойынша шеберханаларда құбырлардың 
тік кесінділерін және қалыптандырылған стандартты иін 
дайындайды, олардан құбыр трассаларының блоктары жиналады. 50 
мм дейінгі шартты өтпесі бар құбырлар үшін стандартты иіннің 
иілімі радиусы 400 мм, ал бұрылыс бұрышы – 90, 120, 135° 
құрайды. Дайындаманы айдауды өлшемдер бойынша құбыр 
кесінділерін қойып жүзеге асырады (Х кесінділері деп аталады). 
Индустриалдық 
дайындаманың 
бұл 
тәсілі 
артық 
байланыстардың және байланыстырушы муфтаның жоғары 
шығынының барын көрсетеді, сондықтан да оны толық құрылыс 
ұзындықты тік құбырларды пайдаланып тартылған трассаны 
монтаждау кезінде қолданған абзал. Осы тәсілдің артықшылығы 
МЭЗ немесе ғимараттың құрылыс бөлігінің дайындығынан тәуелді 
күні бұрын барлық құбырлық элементтердің зауытында дайындау 
мүмкіндігінде болып тұр. 
2.
Алдын ала өлшеумен құрылған құбыр дайындайтын тізімдеме 
және эскиз бойынша. 
Бұл жағдайда құбырлық трассаның эскизін 
өлшеу және құруды ережеге сай, өндірісті дайындау тобының 


264 
арнайы оқытылған электр монтаждаушы-өлшеуші жүргізеді. 
Құбырлық трассаларды өлшеу үшін бұрыш өлшегіштен, сызғыш-
трафареттен, телескопиялық сызғыштан, құбырларды дайындауға 
арналған есептік сызғыш, өлшеуіш, жиналмалы метр, деңгей, 
штангенциркуль, готовальня, бұрыштық, жиналмалы ағаш (2 м) 
және 
логарифмдік 
сызғыштан 
(125 
мм) 
тұратын 
электромонтаждаушы-өлшеушіге 
арналған 
құралдар 
мен 
жабдықтардың жинағы шығарылады. Жинаққа материалдың 
массасын анықтайтын кесте және электрлік құрылғылар мен 
сымдардың графикалық белгілерінің кестесі қоса тіркеледі. Арнайы 
футлярдағы жинақ массасы 6,6 кг. 
Құбырлық трассаларды дайындаудың бұл тәсілі ғимараттың 
дайын құрылыс бөлігінде ғана қолданады. 
3.
Қалыптандырылған құбырлық байланыс элементтерін 
пайдалануды ескеріп, құбыр дайындайтын тізімдеме бойынша.
Бұл тәсіл айтарлықтай озық болып табылады. МЭЗ және зауытта 
дайындалатын қалыптандырылған элементтер номенклатурасына 
90, 120 және 135° бұрышты бұрылыстары бар және 50 мм дейінгі 
шартты өтпесі бар құбырларға арналған иілу радиусы 400 мм 
стандартты иіндер кіреді. 
4.
Макет бойынша.
Күрделі күш қондырғылары үшін іргетастар 
мен еден құймаларында құбырлық ажыратқыштарды орындау 
кезінде қолданылады. Жарықтандыру қондырғылары үшін бұл тәсіл 
қолданылмайды. 
МЭЗ дайындалған жеке құбырлар, құбырлық блоктар және 
пакеттер монтаждау орнына тасымалданады. Біршама ұзақтықтағы 
блоктарды тасымалдау қолайлылығы үшін жеке секциялармен 
жинайды. 
МЭЗ монтаждау үшін нысанда келесі дайын өнімді береді: 
жеке тұтас құбырлар немесе олардың кесінділері, оған 
кіретіндер екі ұшында бұрандасы бар не бұрандасыз қажетті 
бұрышты бұрандалы, байланыстырушы муфтамен, гильза немесе 
манжетпен; 
бір қатармен жалпы тірек құрылымына бекітілген және 
байланыстырушы бөлшектермен жинақталған бірнеше толық 
өңделген құбырлардан тұратын құбырлық пакеттер; 
құбырлық блоктар, яғни жалпы тірек құрылымына бірнеше 
қатармен 
параллель 
бекітілген 
және 
байланыстырушы 
бөлшектермен жинақталған бірнеше толық өңделген құбырлар
құбыр ажыратқыштарын немесе өзара тармақталатын қораптар 
және біртұтас ұзын жәшікпен байланыстырылған бірнеше 


265 
құбырлық пакет пен блоктарды біріктіретін құбырлық монтаждау 
тораптары. 
Құбырлық блоктар және олардың жеке элементтері монтаждау 
нысанына ұзын және тармақталған қораптармен, ұзын жәшіктермен, 
біріздендірілген бұйымдар мен бөлшектермен бірге жинақталған 
күйде жинақтамамен жеткізіледі. Соңғыларына бір және екі 
табанды қапсырма және тікелей негіздемеге түрлі диаметрмен 
сымдар және кабельдерді бекітуге арналған қапсырмалар; құбыр 
мен жәшік қабырғасы, аппарат немесе қорап арасында металл 
байланысты құруға арналған орнатқыш жерге тұйықтаушы 
сомындар (8.23 а сурет); құбырлық ажыратқыш муфталар және 
металл түтігі бар болат құбырларды бұрандасыз байланыстыруға 
арналған келте құбырлар (8.23 б сурет); құбыр ұштары мен сымдар 
қорғанышына 
арналған 
пластмасса 
ажыратқыш 
және 
ажыратылмайтын төлкелер жатады; 
Пластмасса құбырлар, болат сияқты технологиялық желілерде 
а )
8.23. сурет. Құбырларда электр сымдарын монтаждау кезінде 
біріздендірілген бұйымдарды пайдалану: 
а
— қораптары бар болат құбырларды байланыстыруға арналған 
орнатушы жерге тұйықтау сомындары; б — металл түтікпен болат 
құбырларды бұрандасыз байланыстыруға арналған кіріспе келте құбыр 
және құбырлық ажыратқыш муфта; 1 — сомын; 2 — қорапша; 
3
— болат 
құбыр; 4 — кіріспе келте құбыр; 5 — құбырлық ажыратқыш 
жалғастырғыш 


266 
шеберханаларда дайындалады, мұнда сондай-ақ орамға түсетін 
құбыр егеулері, белгілер, кескіштер, тармақталу қораптарының 
қондырғылары жасалады, бірақ олар тазалау мен бояуды қажет 
етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет