368
11.6 сурет. ШС
( а )
және ШД
( б )
түрлі
істікті желілік
ажыратқыштар
Желілік ажыратқыштар
жоғары төзімді электротехникалық
фарфордан дайындалады, оның
негізгі шикізаты ақ саз – каолин
болып табылады.
Кейбір
кездері
фарфор
ажыратқыштарынан басқа арнайы
шыңдалған
шыныдан
жасалған
ажыратқыштарды қолданады. Шыны
ажыратқыштарында
механикалық
төзімділік
жоғары, ал пішіні мен салмағы төмен болып келеді.
Сонымен қатар,
шыны ажыратқыштарында уақыт
өте келе сызаттар пайда болатын глазурь
болмайды, сол себепті оның қызмет ету мерзімі
ұлғаяды. Одан басқа, шыны аса арзан материал болып келеді.
1 кВ дейінгі кернеуі бар ӘЖ үшін ШН және ШЛН түрлі істікті
желілік ажыратқыштарды да қолданады.
ШС және ШД түрлі
істікті желілік ажыратқыштарын
(11.6 сурет)
болатты ілгектерінде орнатады. ӘЖ сымдары істікті ажыратқыштардың
бастиектерінде немесе мойынтіректерінде
орналасады және оған
болатты мырышталған сымымен бекітіледі (байлау).
Ажыратқыштарды бекітуге арналған ілгектер мен істіктер 11.7
суретте көрсетілген. 1 кВ дейінгі кернеуі бар ӘЖ үшін КН түрлі
ілгектерді, олар диаметрі 12...18 мм болаып келетін дөңгелек болаттан
дайындалады, немесе ажыратқыштың түріне байланысты КВ түрін
қолданады.
Сымдар
электр тасымал желісінің негізгі элементтерінің бірі болып
табылады. Сым және арқанның дұрыс таңдалған материалдарынан,
қималарынан
және
құрылымдарынан
электр
тасымалдаудың
техникалық-экономикалық көрсеткіштері
мен желіні құрастыру бағасы
тәуелді.
Сымдар мен арқандарға келесідей талаптарды ұсынады:
сымдардың материалдарында жақсы электрлік өткізгіш болуы тиіс;
сымдардың материалдары шағын электрлік кедергісіне ие болуы
керек, ол кернеуді кіші шамада жоғалтуды
қамтамасыз етеді;
сымдар және арқандардың механикалық төзімділігі олардың
бойымен ауқымды тартылыстың енуін қамтамасыз ете отырып аса
жоғары
болуы шарт, ол өз кезегінде тіреулердің биіктігін төмендетуге
немесе желілерді құрастыру бағасын қысқарта отырып,
аралықтардың
ұзындықтарын арттыруға мүмкіндік береді;
сымдар және арқандардың материалдары коррозияға төзімді болуы
керек, әсіресе, теңіз жағаларының маңында және атмосфераны
ластайтын өндірістік кәсіпорындарының
маңында орналасқан желілер
үшін.
Сымдарды дайындау үшін келесідей материалдар қолданылады:
мыс, қола, аллюминий және оның қоспалары, болат.
369
016
80
11.7 сурет. Ажыратқыштарды
бекітуге арналған бөлшектер:
Достарыңызбен бөлісу: