Технологиясы



Pdf көрінісі
бет163/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

Тіреулерді жинау
. Ағаш тіреулерін тарқату тізбегі бар қарапайым 
борттық машиналарында немесе ағаш тасу автокөліктерінде трассаға 
шығарады. Темірбетонды діңгектерді де тізбегі бар автокөлігінде 
тасымалдауға болады, бірақ осы мақсат үшін гидрокөтергіші бар арнайы 
платформаны қолданған аса қолайлы болып келетіні анық. 
Темірбетонды тіреулер соққыға аса сезімтал, сол себепті оларды жүктеу, 
тасымалдау және шығару үдерісін аса абайлап іске асыру керек. Соның 
ішінде, шығару кезінде платформадан тіреулерді лақтыруға және 
жыжжыту кезінде жер бойымен сүйреуге қатаң тыйым салынған.
Ажыратқыштар мен темір арқауларды трасса бойымен автокөлікте 
берік ағаш жәшіктерінің неме контейнерлердің ішінде, ал сымдары 
немесе арқандары бар атанақтарды сым жұмыстарында қолданылатын 
механизмдерін қолдана отырып жүктейді және тасымалдайды.
Ағаш тіреулерін, әдеттегідей алдын-ала дайындалған, зауыттық 
әдіспен антисептикпен өңделген бөлшектерден жинайды, олар 
стандарттық элементтерден тұрады (діңгектер, дайын қосылысы бар 
траверстер, ұштаулар және т.б.).
Жинау үдерісін діңгек ұшын конус немесе сынаға өңдеуден 
басталады. Ағаш бөгдесінің жоғарғы жағын да көлбеулеп ұштайды. Ары 
қарай 1 діңгекті (11.9, а суреті) 3 бөгдесімен жалғастыру үдерісіне 
көшеді. 
 
Діңгек ұшы мен бөгде бөлігін ұзындығы 1300 мм болатын учаскіде 
тығыз түйндеу үшін ұштаудың ені 125 мм артық болмайтындай етіп 
ұштайды. Одан кейін, 2 сым ққұрсауларының немесе қор қамытының 
орналасу орындарын белгілейді. Егер бекітуді тұтастырғыш 
бұрандамаларымен іске асыратын болса, онда олар үшін шағыр 
ойықтарды дайындайды.
Механикалық өңдеуге ұшыраған барлық жерлерді 80.90 °С дейін 
қыздырылған антисептикпен майлайды. Діңгекті жапсыру үдерісінде 
төсем бетіне тұрғысымен жоғары жаққа қарай жатқызады, діңгекке 
тұтастырғын бұрандамалары дәл келетіндей етіп, бөгдені орнатады.


375 
ih 
ts=> 
a) 
6

11.9 сурет. Діңгекті бөгдемен жалғау 
әдістері:
а
— бекіту бұрандамалары бар сым 
құрсауларымен; б — қор қамыттарымен; в — 
сым құрсауларымен; 1 — діңгек; 2 — құрсау; 3 
— бөгде; 4 — құрсау шайбасы 
Одан кейін жалғанатын екі 
бөлшекті уақытша қапсырма 
немесе 
струбциндармен 
жалғайды.
Диаметрі 4 мм болатын 
болатын 
мырышталған 
сымымен немесе диаметрі 5...6 
мм болатын, асфальт лагымен 
майланған 
мырышталмаған 
сымынан 
құрсау 
жасайды. 
Құрсаудағы орамалардың саны 
сымның диаметрінен тәуелді 
болып келеді (диаметрі 4 мм 
болған кезде – 12 орам, 5 мм 
болған кезде – 10, 6 мм 
болғанда – 8 орам).
Дайындалған құрсаудың 
бір ұшын 20.25 мм учаскісінде 
тік 
бұрыш 
бойымен 
майыстырады және діңгекке
қағады, одан кейін сымжы 
діңгек және бөгдені бойлай нық орайды, осы кезде құсаудың орамдарын 
бір-біріне жылжытып отырады және түзетеді.
Ормадардың қажетті саны оралғаннан кейін, сымды шауып 
тастайды немесе тістеуішпен үзеді, ал бос ұшын салынған орамдар 
астына салады және уақытша майыстырады. Орамдардың саның екі 
бірдей бөлікке бөлгеннен соң, олардың арасына сүймен немесе металды 
істікті кіргізеді де, құрсауды тарту үдерісін іске асырады, сымды бекіту 
шамасына қарай орамдар балға соққысымен тығыздалады. Бекіту 
аяқталғаннан кейін сымның бос ұшын да тіреуге қағады. Діңгекті 
бөгдемен жалғау бойынша соңғы шара – бекіту бұрандамаларын орнату 
болып келеді. Құрсаудың орталары бойымен екі жақтан бірдей бекіту 
бұрандамасын оған киілген 4 құрсау шайбасымен бірге орнатады. 
Қарама-қарсы жағынан бұрандамаға екінші шайбаны кигізеді және 
әрьбір құрсау шайбасы және діңгектің цилиндрлік беті мен бөгде 
арасында 20 мм дейінгі қуыс қалатындай етіп сомынды тартады, ол ӘЖ 
байқау және жөндеу үдерісінде құрсауды тарту кезінде қажет болады. 
Тура солай екінші құрсауды орындайды, одан кейін қапсырма немесе 
струбциналарды алып тастайды.
Тура осындай ретпен ағаш тіреулерін темірбетонды бөгделеріне 
жапсырады (бөгдені ұштастыру және онда бекіту бұрандамасы үшін 
ойықты дайындаудан басқа). Тіреудің темірбетонды бөгделеріне арнайы 
қор қамыттарымен жапсыру үдерісі берік әрі төзімді жалғануды 
қамтамасыз етеді (11.9, б суреті).


376 
11.10 сурет.Екі бөгдемен діңгекті 
жалғау:
1 — тіреу; 2 — бөгде 
11.11 сурет. Анкерлік тіреу 
бетін жалғау:
1 — траверса асты; 2 — 
траверса; 3 — 
діңгек; 4 — бұранда; 5 — кілтек; 
6 — бас шылбыр 
1000 В дейінгі кернеуге есептелген тіреулер үшін бекіту құрсаулы 
бұрандамаларын қолданбай екі жағынан сым құрсауларын орай отырып 
ломның көмегімен бекіту үдерісін іске асыруға болады (11.9, в суреті). 
Тіреуге аса маңызды жүктеме түскен кезде, сонымен қатар топырақ 
тығыз болмаған учаскілерде (мысалы, батпақты жер, қорыс және т.б.) 
тіреу діңгегін екі бөгдеге бекітеді. Жапсыру реттілігі бір бөгдесі бар 
тіреуді жинау кезіне ұқсас, бірақ, сым құрсауларымен немесе қор 
қамыттарымен екі бөлшектен артық бекітуге болмайтынын есте сақтау 
керек. Сондықтан, ең алдымен 1 тіреуді (11.10 суреті) 2 бөгдемен 
қарапайым әдіспен жалғайды, одан кейін тіреуді екінші ұшталған 
жағымен жоғары қарай төсемде аударады да екінді бөгдені байлайды.
А-тәрізді тіреулерді (11.11 сурет) келесідей тәртіпте жинайды.


377 
11.12 сурет. Ілгек 
үшін 
саңылауларды 
белгілеу шаблоны
Алдымен екі тіреуге бөгделерді жапсырады, одан кейін діңгектерді 
өңделмеген беттерімен бір-бірлеріне жатқызады, ал діңгектердің 
талқанған жерін діңгекпен қалыптастырылған бөгдені бұрыштың 
сыртқы жағына жобалық қашықтыққа тартады. 3 діңгек қажетті күйге 
келгеннен кейін, олардың беттерінде АВ кескінің белгілейді. Одан кейін 
діңгектерді ажыратады да белгіленген сызықтың бойымен ұштауды 
орындайды. Діңгектердің ұшталған беттерін бір-біріне қарай 
орналастырады, уақытша құрылыс қапсырмаларымен бекітеді, 
діңгектерде 4 бекіту бұрандамалары үшін белгі жасайды, 5 ағаш немесе 
металды кілтеккке арналған орынды белгілейді, сонымен қатар 2 
траверсаны бекітуге арнап қызмет атқаратын 1 траверса астын бекітетін 
бұрандамалар үшін саңылауларды белгілейді. Белгілер бойынша 
саңылауларды теседі, науалар мен қиғаштарды кеседі (кесудің тереңдігі 
жобалық нұсқасынан 4 мм артық емес шамасында ерекшелене алады, 
таңба, онымен қоса, сүректегі ұштасулар мен жарықшалар діңгек 
диаметрінің 0,1 артық емес шамасында болуы шарт). Жинауға 
дайындалған А-тәрізді тіреудің бөліктерін таңбалайды және трассаға 
тасымалдайды. Осы тіреулердің пішіндерді ауқымды болғандықтан, 
оларды трассада шұңқыр маңында тікелей жинайды. Жинау кезінде 
бекіту бұрандамалары астына 6 бас шылбыр төсемдерін салады.
Тіреулерді жабдықтау үдерісін құрылыс зауыттарында даярлау 
кезінде немесе ажыратқыштар және темір арқаудың тасымалдануы 
кезінде бұзылуын болдырмау үшін ӘЖ құрастыру орнында тікелей іске 
асырады. Тіреуді жабдықтауға ілгектердің орналасу орнын белгілеу, 
ілгектер үшін тіреуде саңылауларды дайындау және онда ілгектер мен 
ажыратқыштарды орнату жұмыстары кіреді.
тіреуде ілгектерді орналастыру орны ені 3...4 мм 
болыа келетін алюминий шинасының телімінен 
жасалған шаблондардың көмегімен белгілейді.
Шаблонды қысқа майысқан ұшымен алдымен 
тіреудің басына ьір жағынан, одан кейін екінші 
жағынан салады. Шаблонның тақ және жұп 
саңылаулары бойынша елгектерді сәйкес орнату 
орындарын белгілейді және есептейді. Траверстерде 
саңылаударды белгілеу үдерісін онда істіктерді 
орнату үшін шаблонның көмегімен іске асырады.
Тіреудегі саңылауларды электр құралының 
көмегімен бұрғылайды. Қуат көзі болмаған кезде 
сәйкес өлшемді бұрғы немесе арнайы аспап 
қолданылады. Тіреуде бұрғыланған саңылаудың 
диаметрі ілгектің кесілген ішкі диаметріне және 
тереңдігі ілгектің кесілген ұзындығына тең болуы 
тиіс. Ілгек тіреу тұрқысына барлық кесілген 
бөлігімен 10...15 мм қоса алғанда, кілттің көмегімен 
бұралады.


378 
Орнату кезінде ажыратқыштарда сызаттар, нақысты фарфор, 
тазартуға келмейтін ластанулар және басқа да кемшіліктер болмауы 
керек. 
Ластанған 
ажыратқыштарды 
тазартып 
алу 
керек. 
Ажыратқыштарды механикалық ысқыштармен, қырғыштармен немесе 
басқа металл құралдарымен тазартуға тыйым салынған. Ластанудың 
көбісі ажыратқыштардың беттерінен құрғақ немесе дымқыл 
шүберекпен, ал берік ластанулар – тұз қышқылына малтылған 
шүберекпен (тот және т.б.) жойылады. Тұз қышқылымен жұмыс істеген 
кезде қышқыл дарымайтын рәзеңкеден жасалған қолғапты және 
қорғаныс көзілдірігін киген дұрыс.
Темірбетонды бірдіңгекті тіреулерді жинау траверса және регилдерді 
орнату және жерге тұйықтау еңісін салу (егер ол жобамен 
қарастырылған болса) үдерістерімен анықталады. Тіреудің діңгектерін 
төсемдерге салады, траверстерді діңгектердің осіне және сымдарды 
бекіту жазықтығына перпендикуляр бойынша тексереді, одан кейін 
бұрандамалармен бекітеді. Әдеттегідей, жинау орнына траверстер істік 
және тіреуіштермен бірге жинақталған түрінде тасымалданады, сол 
себепті ажыратқыштарды арқаулау үдерісін ғана орындау қажет.
Темірбетонды тіреулерді жабдықтау үдерісі ағаш тіреулерін 
жабдықтау үдерісіне ұқсас іске асырылады. Жабдықтау бойынша 
жұмыстар шұңқырда тіреулерді көтеру және орнатуға дейін 
орындалады, ол әртүрлі механизмдерді қолдануға мүмкіндік береді және 
солайша жөндеуші қызметкерлерінің еңбектерін елеулі жеңілдетуге 
септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет