Технологиясы



Pdf көрінісі
бет18/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

Шнур
 
екі немесе одан артық иілгіш немесе аса иілгіш, оралған немесе 
параллель салынған тарамдар түрінде болады, олардың үстінен пайдалану 
шарттарына тәуелді бейметалл қабықша немесе қорғаныштық жабын 
салынуы мүмкін. Шнур сымнан көп сымды тарамдарының иілгіштігі 
бойынша ерекшеленеді.
Сымдар мен шнурларды таңбалау кезіндегі бірінші А әрпі тоқ өткізгіш 
тарамның материалын көрсетеді – алюминий (А әрпінің болмауы, тоқ өткізгіш 
тарам мыстан жасалғанын көрсетеді). Екінші әріп П сымды, үшіншісі – 
оқшаулау материалын білдіреді (Р — резина, В — поливинилхлорид, П — 
полиэтилен). Сымдар мен шнурлардың таңбалануында басқа да әріптер болуы 
мүмкін, мысалы: О – шырмау, Т – құбыр төсемелері, П – бөлінген негіздемесі 


35 
бар тегіс элемент; Ф – металл фальцті қабықша, Г – иілгіштік және т.б. 
Сымдар мен кабельдерді тарамдарының саны мен қимасы бойынша және
номиналды кернеуі бойынша ажыратады. Тарамдар саны бірден-төртке дейін 
болады (бақылау кабельдерінің төрттен бастап отызға дейін тарамдары болуы 
мүмкін); ал қималары 0,75 - 600 мм
2
дейін болады. Стандартты тарам 
қималары 0,5; 0,75; 1; 1,5, 2,5; 4; 6; 10; 16; 25; 35; 50; 70; 95; 120; 150; 185; 240; 
300; 400; 500; 625 және 800 мм
2
болады. 
Сымдарды айнымалы тоқтың 380, 660 және 3000 В кернеуіне, кабельдерді 
– 110 кВ дейін барлық стандартты кернеулер үшін дайындайды. 
Электрлік сымдарды монтаждау үшін сымдардан басқа қимасы шағын 
резина немесе пластмасса оқшаулауы мен қорғаныштық қабықшасы бар 
кабельдер де қолданылады (маркалары АНРГ, АВРГ, АСРГ және т.б.). 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары 
I.
1.Кабель не үшін қажет? 
2.
Кабельдің қандай маркаларын білесіз? 
3.Сым және шнур дегеніміз не? 
II.
1. Кабельдердің қандай түрлері болады? 
2.
Кабельді оқшаулау үшін не қолданылады? 
3.
Кабель қабықшалары қандай болады? 
4.
Кабель мен сымның айырмашылығы неде? 
5.
Сымның қандай түрлері болады? 
6.
Шнур мен сымның айырмашылығы неде? 
III.
1. Кабель неден құралады? 
2.
Қағаз оқшаулаудың пластмассамен салыстырғанда артықшылығы неде? 
3.
Кабельдің таңбалануы қалай оқылады? 
4.
АНРГ маркалы кабель қайда қолданылады және оның таңбалануы қалай 
түсіндіріледі? 
5.
ППР сымның таңбалануы қалай түсіндіріледі, оның қолдану саласын 
атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет