Технологиясы



Pdf көрінісі
бет221/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

 
518 
а
— жалпы көрініс; б — алмалы бөлік; 1 — ағызу тығыны; 2 — бак; 
3, 4
— өтпелі оқшаулағыштар; 5 — жерге тұйықтау бұрандамасы; 
6
— 
бұрамалық тығын; 7 — жоғары вольтты шығыс түйіспесі; 
8
— 
орамалар; 9 — өзек 
Қақпақта біріншілік және екіншілік кернеу шығыстары құрастырылған, 
май құюға арналған тығын орналасқан. Бакта 2 трансформаторды 
жерге тұйықтауға арналған бұрандама 5 бекітілген. 
Жұмыс кезінде трансформатормен бөлінетін жылу оны толтыратын 
маймен шығарылады, ол қызып, кеңейеді. Май қақпаққа дейін жетпеу 
керек, яғни қақпақ астында шағын ауа кеңістігі болу керек, ол 
қоршаған атмосферамен тығынның тығыз емес бұрандасы арқылы 
байланысады. Трансформаторды құрастырған кезде қақпақ астынан 
тасымалдау кезінде майдың ағуының алдын алу мақсатында зауытпен 
орнатылған тығыздағыш тері тығырықты алып тастайды. 
Тропикалық орындалған кернеу трансформаторларында майдың 
температуралық тербелістері кезінде келіп түсетін ылғалдан және 
өнеркәсіптік ауа ластануынан тазарту үшін ауа-кептіргіш сүзгі 
қосымша орнатылады. 
Бір фазалы кернеу трансформаторларын және оларға өлшеу 
аспаптарын жалғау сұлбалары 13.35 сур. келтірілген. 
а) 
б) 
13.34 сур. НОМ сериялы кернеу трансформаторы: 


519 
Егер өлшеу аспаптарын және релелерді тек фазааралық немесе тек 
желілік кернеулерге қосу қажет болса, екі бір фазалы кернеу 
трансформаторы (13.35, а сур. қар.) ашық жұлдызшыға жалғанады. 
Егер өлшеу аспаптарын және релелерді фазааралық (V1 вольтметрлері) 
және фазалық кернеулерге (V2 вольтметрлері) қосу қажет болса, үш 
бір фазалы кернеу трансформаторы (13.35, б сур. қар.) орамалардың 
бейтарап сымының керең тұйықталуы бар жұлдызшаға жалғанады. 
Жоғары кернеулі ораманың бейтарап сымының керең тұйықталуы V2 
вольтметрлері 
(немесе 
реле) 
көмегімен 
біріншілік 
желі 
оқшауламасының 
жағдайын 
қадағалауға 
мүмкіндік 
береді. 
Оқшауламаның қалыпты жағдайы кезінде V2 вольтметрлері фазалық 
кернеуді көрсетеді. Фазалардың бірі жерге толық (керең) тұйықталған 
кезде, жарамды фазалардың вольтметрлері фазааралық кернеуді 
көрсетеді. 
18 кВ дейінгі кернеуге есептелген. әр түрлі аспаптарды 
қоректендіруге және оқшауламаны бір уақытта бақылауға арналған
ғимарат ішінде орнатылатын, НТМК және НТМИ сериялы май 
оқшауламасы бар үш фазалы кернеу трансформаторларын үш өзекті 
және бес өзекті магнит өткізгіштерден жасайды.
13.35 сур. Бір фазалы кернеу трансформаторларын қосу сұлбалары: 
а
— екі бір фазалы трансформатордың ашық үшбұрышқа жалғануы; б — үш бір фазалы 
трансформатордың жұлдызшаға жалғануы; V1 — желілік кернеу вольтметрлері; V2 — 
фазалық кернеу вольтметрлері 


520 
13.36сур. НТМК
-6
кернеу 
трансформаторы 
Дәлдігі 
жоғары 
НТМК
-6 
трансформаторы 
(13.36 
сур.) 
есептеуіштерді, фаза өлшегіштерді, 
қуат 
релелерін 
және 
басқа 
аспаптарды 
тоқ 
және 
кернеу 
орамаларымен 
жалғау 
үшін 
арналған. 
Бес өзекті магнит өткізгіші бар 
НТМИ-10 
трансформаторында 
(13.37 сур.) үш орама бар — біреуі 
біріншілік және екеуі екіншілік
олар 
үш 
ортаңғы 
өзекте 
орналастырылған. Біріншілік орама 
және 
негізгі 
екіншілік 
орама 
жұлдызшаға 
жалғанған. 
Осы 
орамалардың бейтарап нүктелері 
жерге 
тұйықтау 
үшін 
трансформатор 
қақпағына 
шығарылған. 
Негізгі 
екіншілік 
орамаға 
өлшеу 
аспаптарын 
қоректендіретін 
тізбектерді 
жалғайды, ал қосымша орамаға — 
желі 
оқшауламасын 
бақылау 
тізбектері, жерге тұйықталу релесі 
және дабылдама аспаптары. Қосымша екіншілік орама ажыратылған 
үшбұрышқа жалғанған: оқшаулама жағдайын бақылайтын аспаптарды 
(вольтметр немесе кернеу релесі) жалғау үшін оның басы және соңы 
трансформатор қақпағына шығарылған. Желінің қалыпты жағдайы 
кезінде тұйықталмаған үшбұрыш орама шығыстарындағы кернеу нөлге 
тең, себебі қосымша орамаларда индукцияланатын электрлік қозғаушы 
күштер қосындысы нөлге тең. Бір полюстық тұйықталу кезінде желіде 
магнит өткізгіштің шеткі өзектері арқылы тұйықталған зақымдалмаған 
фазалардың магнитті ағыны индукцияланатын ЭҚК нөлдік теңдігін 
бұзады, және орамалар шығыстарында кернеу пайда болады, оның 
нәтижесінде жалғанған вольтметр (немесе реле) орамасы арқылы тоқ 
ағады. Вольтметр сілтемесі нөлдік жайғасымнан ауытқиды, ал реле, 
іске қосылып және түйіспелерді тұйықтап, желіде тұйықталудың бар 
екендігі туралы хабарлайтын сигналды қосады.
НТМК және НТМИ сериялы кернеу трансформаторларын қосу 
сұлбалары, сонымен қатар НТМИ сериялы трансформатордың 
екіншілік орамаларында оқшауламаны бақылау үшін өлшеу аспаптарын 
және релелерді қосу сұлбасы 13.38 сур. көрсетілген . 


521 
13.37 сур.НТМИ-10 үш фазалы бес өзекті кернеу 
трансформаторларының жалпы көрінісі (а) және орамаларды жалғау 
сұлбасы (б) 
13.38 сур. НТМК (а), НТМИ (б) сериялы үш фазалы кернеу 
трансформаторларын жалғау сұлбаларыжәне НТМИ (в) сериялы 
трансформатордың екіншілік тізбектерінде аспаптарды және релелерді 
жалғау сұлбасы 
Май құюға арналған тығын 
Зауыттық қалқан 


522 
13.39 сур. НОЛ-11-
06кернеутрансформаторы: 
1 — жоғары вольтты шығыс түйіспесі; 2 — 
құйылған блок; 
3
— екіншілік орама 
шығысының түйіспесі; 4 — жерге тұйықтау 
блогы; 5 — тіреуіш 
Эпоксидті 
шайырлардан 
жасалған 
құйылған 
оқшауламасы 
бар 
кернеу 
трансформаторлары 
майлы 
трансформаторлардың 
кемшіліктерінен айырылған, 
яғни олар майды тұрақты 
бақылауды және периодты 
ауыстыруды талап етпейді; 
өрт 
қаупі 
жоғары 
орынжайларда, сонымен қатар 
жылжымалы қондырғыларда 
құрастыру кезінде шектеулер 
жоқ; кіші салмаққа және 
өлшемдерге ие. 
Мысалы, 
құйылған 
оқшауламасы бар НОЛ-11-06 
бір 
фазалы 
кернеу 
трансформаторында (13.39 сур.) сауыт типті магнит өткізгіш бар, оның 
ортаңғы өзегінде эпоксидті компаундпен сіңдірілген орамалар 
орналасқан. Біріншілік орама ұштары трансформатордың жоғарғы 
бөлігіндегі жоғары вольтты шығыстармен жалғанады, ал екіншілік 
орамалар ұштары төменгі бөліктегі түйіспелік қысқыштарға 
келтірілген. Магнит өткізгішке және орамаларға тұтас құйылған блокқа 
эпоксид құйылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет