Технологиясы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет223/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
I.
1. Кернеу трансформаторларының тағайындалуы қандай? 
2.
Кернеу трансформаторларының құрылысы қандай? 
3.
Кернеу трансформаторлары тізбекке қалай жалғанады? 
4.
Кернеу трансформаторлары үшін қандай қуаттар тән? 
II.
1. НОМ, НМТК, НТМН сериялы трансформаторларға сипаттама беріңіз. 
2.
Кернеу трансформаторларында салқындатқыш орта ретінде не 
қолданылады? 
3.
Фазалар саны, орамалар саны, дәлдік санаты, салқындату, орнату түрі 
бойынша кернеу трансформаторлары қалай жіктеледі? 
III.
1. Кернеу трансформаторларын құрастыру кезінде қандай талаптар 
орындау керек? 
2.
Құрастыру алдында кернеу трансформаторларын тексеру неде 
негізделеді? 
3.
Екі бір фазалы трансформаторды ашық үшбұрышқа және үш бірфазалы 
трансформаторларды жұлдызшаға жалғау сұлбаларын түсіндіріңіз. 
4.
НТМК және НТМИ сериялы үшфазалы кернеу трансформаторларын 
жалғау сұлбаларын түсіндіріңіз.


526 
14 тарау. ЖИЫНТЫҚТЫ ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ 
ҚОСАЛҚЫ СТАНСАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
14.1.
 
 6(10) кВ есептелген жиынтықты трансформаторлық 
қосалқы стансалар туралы негізгі мәліметтер 
Жиынтықты трансформаторлық қосалқы станса (ЖТҚС) жиналған 
немесе жинау үшін толықтай дайындалған түрде жеткізілетін 
трансформаторлардан және блоктардан (ЖТҚ немесе СЖТҚ және 
басқа элементтер) құралады. 
ЖТҚС қолданыста сенімді және қауіпсіз, себебі олардың 
құрылымы тоқ өткізгіш бөліктерге кездей жанасу мүмкіндігін жоққа 
шығарады. Зақымдалған коммутациялық аппаратураны ревизиялау 
және ауыстыру жылдам, күрделі бөлшектеу немесе құрастыру 
жұмыстарысыз және басқа қосалқы стансамен қоректендірілетін 
электрлік қабылдағыштарды сөндірусіз жүзеге асырылады. 
Жиынтықты трансформаторлық қосалқы стансалар бөлінеді: 
трансформаторлар қуаты және олардың саны бойынша; 
біріншілік кернеу бойынша; 
орналасу бойынша (бір немесе екі қатарлы, магистралды); 
тағайындалған қоршаған орта сипаттамасы бойынша (мысалы, 
тропиктер үшін); 
орнату түрі бойынша (ішкі және сыртқы); 
желіге жалғау сұлбасы бойынша (керең жалғау, айырғыш және 
сақтандырғыштар арқылы жалғау,ВНП-17 жүктеме ажыратқышы 
арқылы жалғау). 
Олар негізінен өнеркәсіптік және коммуналдық тұтынушыларды 
электр 
қуатымен 
жабдықтауға 
арналған 
төмендеткіш 
трансформаторлық 
қосалқы 
стансалар 
ретінде 
қолданылады. 
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр қуатымен жабдықтау үшін келесі 
мәнді қоса алғанда, 10 кВ дейінгі кернеуге есептелген, қуаты 160 
бастап 2500 кВ-А дейін болатын, ғимарат ішінде және сыртта 
орнатылатын ЖТҚС қолданылады. 
Ғимарат ішінде (ЖТҚС) және сыртта (СЖТҚС) орнатылатын 
жиынтықты трансформаторлық қосалқы стансалар 
6
(10) кВ жоғары 
кернеулі кірістер блогынан, күштік трансформатордан (бір немесе екі) 
және қорғаныс-коммутациялық аппаратура жобасы қарастырылған, 
төмен кернеулі (0,4 кВ) жиынтықты тарату құрғылғыларынан, өлшеу, 
дабылдама және электр энергиясын есепке алу аспаптарынан құралады. 
Жоғары вольтты блоктар беттік жағында алмалы есігі бар қорап 
(қуаты 630 кВ-А дейін болатын ЖТҚС үшін) немесе сыртқы (жоғарғы 
және төменгі) және ішкі (жоғарғы торлы) есіктері бар тілімді болаттан 
жасалған шкаф түрінде жасалады және торлы қоршауы және ПК типті 
сақтандырғыштары бар немесе жоқ үш полюсті айырғыштармен 
жинақталады.


527 
Шкафтың торлы есігінде айырғыштан алынатын жетегі бар 
бұғаттау бар. Жоғары кернеулі шкаф кірістері (қуаты 630...2500 кВ-A 
болатын ЖТҚС үшін) жерге тұйықтау пышақтары және екі жетегі бар 
(ажыратқышқа және жерге тұйықтау пышақтарына) ВНП-17 жүктеме 
ажыратқышымен жинақталады. Ажыратқыш және торлы есік арасында 
торлы есік ашық болған кезде қосуға және сөндіруге мүмкіндік 
бермейтін бұғаттау бар. Жоғары вольтты блокта қоректендіргіш 
шоғырсымның құрғақ тарқатылым орналастырылады. 
Трансформаторлар бос жүріс немесе номиналды жүктеме кезінде 
жоғары кернеуден жүктеме ажыратқышымен сөндіріледі, ал шамадан 
тыс жүктеме немесе қысқа тұйықталу кезінде – сақтандырғыштармен. 
ЖТҚС қолданылатын бүйірлік кірістері бар ТМЗ сериялы күштік 
трансформаторларда азот қорғанысы бар беріктігі жоғары саңылаусыз 
бак, сонымен қатар электрлік-түйіспелі вакуумметрлер (ішкі қысымды 
бақылау үшін), қысым релелері, термодабылдағыштар және 
термосифондық сүзгілер (1 кВ астам ТМЗ-да) бар.
1 — ТК тарату құрылғылар шкафы; 2 — қуаты 630 кВ-A болатын күштік 
трансформатор; 
3
— ЖК кіріс шкафы (жоғары вольтты блок); 4 — жоғары вольтты 
шоғырсым 
14.1 сур. ЖТҚС 630/6-10/0,4 бір трансформаторлық қосалқы стансасы: 


>25 
>50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет