Технологиясы



Pdf көрінісі
бет226/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

 
532 
Трансформаторлар санына және қуатына, жоғары және төмен 
кернеулі тарату құрылғылары шкафтарының санына және түріне 
байланысты осында қосалқы стансаның құрылыс бөлігі орнату 
орнында қандай да бір пысықтауды қажет етпейтін, жете аяқталған 
элементтер болып табылатын бір немесе бірнеше көлемді блоктан 
құралуы мүмкін. 
Қуаты 400 кВ - А есептелген екі трансформаторға есептелген 
көлемді қосалқы станса 14.4 сур. ұсынылған. Ол зауытта жасалатын екі 
көлемді темірбетон блоктардан 2 және құралады, және оларда 
трансформаторлар және тарату құрылғылары орналастырылады. 
14.5 сур. қуаты 630 кВ-А болатын екі трансформаторға есептелген 
қосалқы станса жоспары ұсынылған. Ол 
6
(10) немесе 0,4 кВ кернеуіне 
есептелген тарату құрылғыларына арналған төрт темірбетон 
блоктардан 2, 4, 3 және 5және күштік трансформаторлардан құралады. 
6
... 10 кВ есептелген тарату құрылғыларын КСО-366 камераларынан 
жинайды, ал 0,4 кВ есептелген ТҚ —ЩО-70 тақталарынан. Әр блок 
қалыңдығы 
88
мм болатын діріл-илемделген қабықшалардан жасалады. 
Барлық блоктардағы электрлік жабдықтар зауытта құрастырылады. 
Трансформаторларсыз толықтай құрастырылған блок салмағы
шамамен 14 т құрайды. Осындай қосалқы стансалардың сыртқы 
беттерін сырлайды, ал есіктерді болаттан жасайды. 
Көлемді қосалқы стансаның әр бөлігін тасымалдау жеке жүзеге 
асырылады, олардың габариттік өлшемдері темір жолдар және 
14.5 сур. Қуаты 630 кВА болатын екі трансформаторға есептелген 
жиынтықты көлемді трансформаторлық қосалқы станса жоспары: 
1 — трансформаторлар; 
2, 3, 4, 5
— темірбетон блоктар 


533 
автокөлік жолдары бойынша тасымалдауға мүмкіндік береді. 
Құрылысшылармен МЭЗ-да электрлік жабдықтарды құрастыру үшін 
немесе тікелей орнату орнына жеткізілген жағдайда, темірбетон 
көлемді блоктарды қабылдау төсеме құрылымдардың, шоғырсымдық 
еденасты кеңістіктің, май жинайтын ордың орналасуын, төбелерді, 
қабырғаларды, едендерді және шатырды өңдеу сапасын тексереуде 
негізделеді. Бірнеше блоктан құралатын қосалқы стансаларды тексеру 
кезіндегі міндетті шарт оларды түйістірілуін және оларды жинау үшін 
бөлшектердің толымдылығын тексеру болып табылады.
Бірінші көлемді ЖТҚС тек темірбетон элементтерден жасалған 
және құрылыс бөлігімен бірге темірбетон зауытында жасалды, онда 
сонымен қатар құрастырылған электрлік жабдықтарды орнату, 
ревизиялау және баптау жүргізілді. Кейін олар трайлерде құрастыру 
орнына жеткізілді және алдын ала дайындалған алаңға немесе іргетасқа 
орнатылады. Осындай қосалқы стансаны іске қосу үшін тек сыртқы 
шоғырсымдық немесе ауа желілеріне жалғау керек. 
Темірбетон тақталардан жасалған көлемді трансформаторлық 
қосалқы стансалар жиі мырышпен қапталған гофраланған болат 
тіліммен қапталған металл қаңқасы бар қосалқы стансалармен 
ығыстырыла бастады. Осындай қосалқы станса да құрылыс алаңынан 
тыс жасалады, яғни зауытта немесе құрастыру шеберханаларында 
стансада 
барлық 
электрлік 
жабдықтар 
құрастырылады 
(трансформаторлардан басқа) және дайын түрінде ол объектке 
жеткізіліп, іргетасқа орнатылады. (14.6 сур.). 
14.6 сур. Құрылыс алаңында трансформаторлық қосалқы стансаларды 
көлемді блоктардан құрастыру 


>25 
>50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет