541
айырғыштар рөлін атқаратын, сұқпалы түрде орындалатын ашалы
түйіспелермен жүзеге асырылады.
Доңғалақты арбаша әдетте үш жайғасымға ие болуы мүмкін:
жұмыс, бақылау (сынақ) және жөндеу. Біріншілік және екіншілік
қосылыстар тізбектері сұлбаға қосылған кезде және шкафтың қалыпты
жұмысын қамтамасыз еткен кезде,
шкаф корпусындағы арбаша
жайғасымы жұмыс жайғасымы деп аталады. Арбашаның бақылау
жайғасымында
біріншілік
қосылыстар
тізбектері
ашалы
айырғыштармен сөндірілген. ал екіншілік қосылыстар тізбектері
сұлбаға қосылған және ажыратқыш жетегінің жұмысын сынау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жөндеу жағдайында арбаша шкаф
корпусынан тыс орналасады және оның барлық ашалық түйіспелері
тұйықталмаған.
Арбашаның
шкафтан
шығарылуы
және
оның
жөндеу
жайғасымынан бақылау жайғасымына кіргізілуі
алдыңғы қабырғада
бекітілген тұтқалар көмегімен қолмен жүзеге асырылады. Арбашаның
бақылау жайғасымынан жұмыс жайғасымына кіргізілуі және кері
шығарылуы иінтіректі жеткізу механизмі көмегімен орындалады.
Бөлімнің артқы қабырғасы жиналмалы болуы мүмкін немесе онда
перделермен жабылатын саңылаулар болуы мүмкін. Арбашаны шкафқа
кіргізген кезде саңылаулар автоматты түрде ашылады, ал
шығару
кезінде – перделер оларды қайтадан жабады. Бүйірлік қабырғаларда
артқы қабырғаны ашатын және жабатын, арбаша жайғасымын
бекітетін және жеткізетін, жерге тұйықтайтын
механизмдердің жеке
бөліктері, сонымен қатар жерге тұйықтау айырғыштарының жетегі
бекітілген. Бөлімнің төменгі бөлігінде арбаша доңғалақтарына
арналған бағыттаушылар орналасқан. Арбашаның артқы бөлігінің
үстінде және астында шиналық және шоғырсымдық ажыратқыш
құрылғылардың жылжымалы түйіспелері,
сонымен қатар екіншілік
құрылғылар тізбектерінің ашалы тетіктері бекітілген.
ЖТҚ-ғы қызметкерлердің қате операциялары автоматты түрде
бұғатталады.
Құрылыммен
келесі
әрекеттердің
бұғатталуы
қарастырылған:
ажыратқыш қосулы болғанда арбашаның жұмыс жайғасымына
кіргізілуі;
ажыратқыш қосулы болғанда арбашаның жұмыс жайғасымынан
шығарылуы;
жерге тұйықтау қосулы болғанда (жерге тұйықтағышта) арбашаның
жұмыс жайғасымына кіргізілуі;
жерге тұйықтағыштың арбашаның жұмыс жайғасымына қосылуы;
арбашаның бекітілмеген аралық жайғасымдарында ажыратқыштың
қосылуы.
Бірінші екі бұғаттау айырғыш түйіспелерімен олар есептелген
жұмыс тоғымен қосылуының және сөндірілуінің алдын алады.
Келесі
екі бұғаттау қысқа тұйықталуға жол бермейді, ал соңғысы –