167
Арқанды электрлік сымдар жүйесін өндірістік орынжайларда КОР-73
немесе У409 тарату қораптарын
қолданумен орындалған жағдайда,
салмағы 15 кг дейін болатын шамшырақтар К354 аспаларында бекітіледі
(6.7, б сур.). Осындай аспада диаметрі 6...8 мм
болатын арқанда бекіту
үшін арналған екі қалыптанған табан бар. Аспада КОР-73 қорабын бекіту
үшін бір-бірінен 92 мм қашықтықта45° бұрышымен орналасқан екі
саңылау қарастырылған, ал У409 қорабын бекіту үшін — бір-бірінен 120
мм қашықтықта тігінен орналасқан екі саңылау.
Қораптарды және
шамшырақтарды ауыстыру арқаннан аспаны шешусіз жүргізіледі.
Арқанды тарату қораптары және аспалар бекітілетін жерлерде
қорғаныстық жерге тұйықтауды салу кезінде сенімді электрлік түйіспені
қамтамасыз ету үшін кіріктірілген
арқаннан оқшаулағыш қабықша
алынып тасталады, ал салмақ көтеретін сымнан (илемдік) – ЭДШ-да
жағылған поливинилхлоридті немесе сыр қабықшасы.
Арқанның немесе
сымның қаптамасыз учаскелері және металл қорап корпусындағы қысқыш
құрылғы жылтырлыққа дейін тазартылады, антикоррозиялық майламамен
қапталады және қысқыш бұрамалармен бекітіледі.
Шамшырақтар топтық желігеУ230, У231 қораптарында кіріктірілген
арнайы жинақтық
қысқыштар көмегімен жалғанады; У245, У246
қораптарында У739 пластмассалық корпустағы тармақтау қысқыштары
көмегімен; КОР-73, У409 пластмассалық
қораптарында дәнекерлеумен
немесе ГАО сериялы қауыздарда тығыздаумен,
кейін қосылыс орнын
оқшаулаумен жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: