206
үдерісінде, сондай-ақ пайдалану кезінде оларды әрі қарай тотығудан
қорғаудың арнайы құралдарын қажет етеді.
Байланыс беттердің қорғаныс құралы ретінде техникалық вазелиннен
және арнайы тартылған кварцтық құмнан тұратын кварцтық-вазелинді
паста қызмет етеді. Престеу кезінде кварцтың қатты бөлшектері тотықты
пленканы бұзып, сенімді нүктелік байланыстардың түзілуіне ықпал етеді,
ал вазелин олардың тотығуына кедергі болады.
Престеуді дайындау алдында оқшаулау қалдықтарынан тазартылған
алюминий тарамды кварцтық-вазелинді
пастамен жабады, оны металл
қылшықпен тазартады, лас майды шүберекпен алып, тазасын жағады.
Қолданылатын ұштықтар мен гильзалардың түтікшелі бөлігін де пастамен
толтырады.
Гильзаның мыс ұштықтары, сонымен қатар сымдар мен кабельдердің
тарамдарын металды жалтырға дейін тазарту жеткілікті.
Престеудің үш түрі бар: жергілікті қысу, тұтас (көпқырлы) қысу және
үйлестірілген қысу. Жергілікті қысу кезінде түзілетін қуыстар тарамды
өзара престелетін болуы тиіс.
Сым тарамдарын
қосу және аяқтама кезінде, келесілерді престеумен
қамтамасыз ету қажет:
байланыс беттерінің тазалығын сақтау;
қажет етілетін байланысьық қысым;
қысуды қажетті көлемге дейін жеткізу;
нұсқау бойынша белгіленген престеу тереңдігін;
матрицаларды, пуансондарды, ұштықтарды
немесе қосу гильзаларын
дұрыс таңдау;
қысу орындарында пайда болатын қуыстардың дұрыс орналасуы.
Қажет етілетін байланыстық кернеу тарам қимасы мен маркасына
сәйкес престеуге арналған құрылғыны дұрыс таңдаумен қамтамасыз
етіледі (пуансон және матрица), ал престеуден кейін оның қысу тереңдігін
өлшеумен тексеру және нұсқаулықта келтірілген мәнмен алынған мәнді
салыстырумен қамтамасыз етіледі.
Ұштықтар мен гильзалар да тарамның қимасы мен түріне байланысты
таңдалады. Қысу орындарында пайда болатын қуыстардың дұрыс
орналасуы және олардың арасындағы қашықтық арнайы кестелермен
анықталады. Қимасы 2,5 нан 10 мм
2
дейін тарамдармен бірсымды
алюминий сымдарының қосылулары
мен жауапты бөлінулері ГАО
сериялы гильзаларда жүргізіледі, бұл ретте қосылатын сымдардың
тарамдарының жиынтық қимасы 32,5 мм
2
. Гильзаларды престеу оларды
тарамдармен бір жақты толтыру кезінде және қос қысумен – екі жақты
толтыру кезінде орындалады. Қимасы 10 мм
2
асатын сымдарын ұштау
және қосу үшін ГА сериялы гильзалар мен ТА және ТАМ сериялы
ұштықтар қолданылады.
Алюминий тарамдарын престеу ұштықтың түтікшелі
бөлігімен және
төрт гильзамен қысу арқылы жүргізіледі (гильзаға салынған әр тарамның
екі қысуы). Мыс тарамдарды бір қысумен ұштықта және екі рет қысумен
207
қосу гильзасында престейді. Тарамдардың қимасы мен құрылымына
сәйкес келмейтін ұштықтарды қолдануға тыйым салынады. Алюминий
ұштығының алюминий гильзасы мен цилиндрлік бөлігінің ұзындығы мыс
гильза мен ұштығынан әдетте үлкен. Екі тісті құралмен екі қысу бір
орындалуда, ал төртеуі – екі қысумен орындалады.
Престеуді қол қысқыштарымен, сонымен қатар механикалық,
пиротехникалық
және гидравликалық престермен, ауыспалы матрицалар
мен пуансандарды қолданумен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: