Есептің барлық шығару жолдарын мүмкіндігінше іздестіре білу. Әрине, нақтылы есепті шығаруда бүл жүйенің кейбір
буындарына сай іс-әрекет жасау жеткілікті. Алайда оның барлық буындарына сәйкес әрекет жасаудың негізгі
элементтерін барлық оқушылардың да меңгеруіне баса көңіл бөлінуі тиіс. Сонда ғана программа көлеміндегі
кез-келген
есептің шешуін оқушылардың өздігінен таба білуіне жетуіміз мүмкін.
Жаңа оқыту жүйесіне келуге байланысты және «дәстүрлі методиканың» тиімсіз жақтарын әлі де арыла алмаудың
салдарынан туған, жекелеген мұғалімдердің ессе шығаруға үйрету методикасының әлсіздігін, таяздығын да ескермеуге
болмайды. Тәжірибеде, кейбір ұстаз есепті амалдап шығарып шешуінің сәйкес жоспарын
құру барысында
аналитикалық не синтетикалық тұрғыда ұзақ талдау жүргізіп, бар жұмысты өзі орындайды да оқушылардың өздігінен
жұмыс жасауын ойластырмайды.
Оқушылар не тақтадан, не мұғалімнің ауызша шығаруын еске түсіріп, не жекелеген баланың түсіндірмесіне ілесіп, көшірумен
ғана шағылданады. Ал кейбір ұстаздар өз тәжірибесінде жаңа оқулықтардағы үлгіге еліктеп, есеп шартына сәйкес схема,
таблица, қысқаша жазуды үстірт жасап
мұның ең басты, негізгі міндетке айналдырып қажетті талқылау жұмыстарын
жүргізбейді. Есеп жан-жақты талданып әрбір амалға сәйкес қысқаша түсінік бермей, тек есеп шешуінің санды формуласының
сыңаржақ жазылуын басшылыққа алады.
Ұстаздардың осы үш тобы да 1-4 кластарда қаралатын есептердің
түрлері, саны мен сапасы, шығару әдістері мен мерзімдері
жайында жан-жақты мағлұматтар жинақталмаған. Бұл
келтірілген
мәселелердің 4-класс математикасын оқыту процесінде
оқушыларды есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру,
жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттарын анықтау да
ескерілуі керек демекпіз: 4-класс математикасындағы есептердің
басым көпшілігі балаларға бастауыш буыннан белгілі, сондай-ақ
жаңа түрі де
ке
здеседі. Осы орайда негізгі деп саналатын жай
есептерді дұрыс шығаруға болатындай төрт амалдың тиістісін
таңдап алуды және ол салынған амалды негіздей білуді әрбір
баланың әрқашанда есте сақтағаны жөн. Білмейтін бірер ғана
оқушы болса, солармен жеке дара ал көпшілік оқушылар
қателесетін болса, оқушылардың сол тобымен жұмыс жүргізу
керек болады. Жалпы алғанда, тиісті
жұмыс мазмұны тұтас класс
оқушыларының есеп шығара білу шеберлігінен нақты деңгейімен
анықталмақ. Осы мақсатта ауызша есептер шығарудың да
пайдасы өте зор.