Омыртқалы хордалыларға жалпы сиаттама. Омыртқалылар тип тармағы
Омыртқалылар хордалылар типінің жоғары сатыдағы тип тармағы. Омырқалыларда
шеміршектен немесе сүйектен тұратын омыртқа жотасы болады.
I. Омыртқалылардың жіктелуі: жақ аппараттарының болмауына және болуына
байланысты 2 топқа бөлінеді:
1-жақсыздар – оған дөңгелекауыздылар класы ғана жатады;
2-жақауыздылар – бұған шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен
жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады.
II.Омыртқалылар ұрығының даму ерекшеліктеріне сәйкес 2 топқа бөлінеді;
1.
Қағанақсыздар (Anamnia)
(ұрыққабықсыздар) – бұған дөңгелекауыздылар, шеміршекті
және сүйекті балықтар, қосмекенділер жатады.
2.
Қағанақтылар (Amniota)
(ұрыққабықтылар) – оған бауырымен жорғалаушылар, құстар
және сүтқоректілер жатады.
III.
Омырқалылар дене температурасының тұрақсыз және тұрақты болуына сәйкес
салқынқандылар және жылықандылар деп 2 топқа бөлінеді.
1. Салқынқандылар (пойкилотермиялылар)
– олардың дене температурасы сыртқы
ортаның температурасына тәуелді болады. Бүл топқа-дөңгелекауыздылар, шеміршекті және
сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар жатады.
2. Жылықандылар (гомойотермиялылар)
– оған дене температурасы үнемі тұрақты -
құстар мен сүтқоректілер жатады.
Пысықтау сұрақтары:
1.
Хордалылпр типіне сипаттама.
2.
Хордалылар тиіне тән белгілер.
3.
Жақ аппаратының болу, болмауына байланысты жіктеу.
4.
Хордалыларды даму ерекшеліктеріне қарай бөлу.
5.
Дене температурасының тұрақты, тұрақсыз болуына қарай бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |