Асқорыту жүйесі
. Дөңгелекауыздылардың асқорыту мүшелерінің
құрылымында
қоректену ерекшеліктеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Асқорыту жүйесі ауызалды
шұрығынан басталады. Оның түбінде ауыз тесігі орналасады. Ауыз алды шұрығының жиегінде
терілі жапырақшалар көмкеріп тұрады. Етті тілінде күшті «терка» тәрізді тісшелер болады. Ауыз
тесігінен кейін жұтқыншақ өз кезегінде екіге бөлінеді: үстіңі жіңішке түтік өңеш, төменгі кең
тұйық тыныстық түтікпен аяқталады. Өңеш жүректі
айналып өтіп ішекке жалғасады, өңеш
ішектен клапан арқылы бөлінеді. Ішек бөлімдерге бөлінбеген, ішінде спиральді қатпар болады.
Ол ішектің асты сіңіру бетін ұлғайтады. Бұл астың толық қорытылуын қамтамасыз етеді.
Ішектен соң аналь тесігімен аяқталады. Дөңгелекауыздыларға қорегінің денесіне асқорыту сөлін
жіберіп, астың химиялық қорытылуы тән (мұны «ішектен тыс астың қорытылуы» деп атайды).
Бауыры болады, ұйқы безінің нышаны байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: