Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет16/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
I

Иіс сезу жүйкелері
– алдыңғы мидын иіс сезу бөліктерінен басталып, танау тесігіне 
таралады. 
II.
 
Көру жүйкелер
і – аралық мидың түбінен басталып, көздің торлы қабығына таралады.
 
III.Көзді қозғаушы жүйкелер
– ортаңғы мидың түбінен басталып, көз алмасының 
бұлшықеттеріне таралады.
 
IV. Шығыр (блоктық)
жүйкелер 
– ортаңғы мидың артқы бөлігінен басталып, көз алмасының 
қиғаш бұлшықеттеріне таралады. 
V. Үштарамды жүйкелер
– сопақша мидан басталып, көзге, үстінгі және астынғы жақтарға 
таралады, 
VI.
 
Әкетуші
жүйкелер 
– сопақша мидан басталып, көз алмасының сыртқы тік бұлшықеттеріне 
таралады.
 
VII.
 
Бет
жүйкелері 
– сопақша мидан басталып, ауыз қуысына, жақ және тіласты доғаларына 
таралады.
 
VIII. Есту жүйкелері 
– сопақша мидан басталып, ішкі қүлаққа таралады. 
IX. 
Тіл 
– 
жұтқыншақ жүйкелері 
– сопақша мидан басталып, тіл мен жұтқыншаққа таралады. 


X. 
Кезеген
жүйкелер 
– сопақша мидан басталып, барлық ішкі мүшелерге таралады. 
Сезім мүшелері. 
Миноганың басының алдыңғы бөлімінің екі бүйірінде орналасқан жұп көз 
жұқа мөлдір терімен жабылған. Миногаларда қабақ болмайды. Торлы қабық көпқабатты. Көз 
алмасының алдыңғы бөлімінде көзбұршағы жатады, шар тәрізді болады. Миноглар кескінді тек 
жақын қашықтықтан көре алуы мүмкін. Миксиндерде көру қабілеті одан да төмен. Олар тек 
жарық пен қараңғыны ғана ажырата алады. Иіс-сезу мүшесі тақ. Дегенмен басқа сезім мүшелеріне 
қарағанда жақсы дамыған. Қысқа мұрын түтігі сыртқа тақ танау тесігімен ашылады. Танау 
түтігінің қабырғалары күшті пигментті және шеміршекті ұлпалардан тұрады. Танау жолының 
артқы қабырғасында иіс-сезу капсуласына баратын саңылау болады. Бүйір сызық мүшелері: 
дөңгелекауыздыларда құрлық омыртқалыларына қарағанда өте жоғары ұйымдасқан жүйені 
құрайды. Бүйір сызық мүшелерінің дамуына негіз болатын материалдар эктодерманың қалыдаған 
учаскелері плакодтар болып табылады. Онто- және филогенетикалық жағынан бүйір сызық 
мүшелері омыртқалылардың ішкі құлағында орналасқан иірімдерге жақын болып келеді. Бүйір 
сызық мүшелері мен лабиринттің оң және сол плакодтары эктодермада сопақша мидың қозуы 
әсерінен қалыптасады. Плакод материалының өсуі жағдайына қарай онда бүйір мүшелерінің 
бастамасын құрайтын клеткалар тобы бөлінеді. Әрбір бастамасында жүйке талшықтарын орайтын 
рецепторлы 
клеткалар 
–невромасттар, 
тірек 
және 
Шванн 
клеткалары 
болады. 
Дөңгелекауыздыларда невромасттар жеке шұңқырларда орналасады, шұңқырлар бір сызық 
бойында жатады. Бүйір сызығы мүшелерінің қызметі-судың аздаған жиіліктегі жеңіл тербелістері 
мен қозғалыстарын сезіну. Дененің әр түрлі бөлімдеріндегі су ағыны арасындағы қысымның 
айырмашылықтарын қабылдап, су ағынының бағыты мен жылдамдығына сүйене отырып 
бағдарлауы, сол сияқты кеңістікте бағдарлауды жүзеге асырады. Тепе-теңдік сақтау және есту 
мүшелері: есту жүйесі дыбыс тербелістерін қабылдайтын әрі талдайтын механикалық 
рецепторлық және жүйелік құрылымның жиынтығы. Ішкі құлақ. Кіреберіс –иірім мүшенің 
дамуының алғы шарты болып табылатын есту плакодтары желбезек саңылауларының бірінші 
жұбының тұсында орналасады. Олар эктодерма мен жүйке тарақшасының клеткаларынан сопақша 
мидың индукциялық әсерінен қалыптасады. Олар өте ерте эктодерма астына түсіп, алдымен есту 
шұңқырын қалыптастырады, сонан соң эктодермадан –есту көпіршігі бөлінеді. Есту көпіршігінен 
өте күрделі туынды –ішкі лабиринт қалыптасады. Қапшықшалар мен өзектерден тұратын ішкі 
лабиринт ми сауытының есту бөлімнде жатады. Есту көпіршігі көлденең қылтамен екі бөлімге: 
үстіңгі-жатыншаға және астыңғы –қапшықшаға жіктелген. Дөңгелекауыздыларда толық 
жартысақиналы өзектер жиынтығы болмайды. Миногаларда тек екі жарты сақиналы канал ғана 
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет