Тыныс алу жүйесі. Т ыныс алу жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Миногада жеті жұп
желбезек қапшықтарының сыртқы саңылаулары бас бөлімінің екі жағында орналасады.
Дөңгелекауыздыларда желбезек қапшықтары дөңгелек қуыс тәрізді, олар жіңішке
саңылаулармен бір жағынан жұтқыншақпен, екінші жағынан сыртқы ортамен байланысады.
Желбезек қапшықтарының ішінде меридианальды жатқан желбезек жапырақшалары болады,
олар майда қан тамырларымен торланған. Желбезек қапшықтарының аралығында желбезек
маңы қуысы (синус) болады, олардың әрқайсысы дәнекер ұлпалы желбезек аралық пердемен
бөлінген. Синустар венозды жүйемен байланысқан, әдеттте лимфа мен қанаралас сұйықтықпен
толған.
Қанайналым жүйесі. Дөңгелекауыздылардың
қан
айналым
жүйесі
барлық
омыртқалылардағыдай тұйық, бір қанайналым шеңбері дамиды. Жүрегі екі қуысты, бірақ үш
бөлімнен тұрады: венозды синус, бір жүрекше және бір қарынша. Вена қаны алдымен венозды
синусқа, сосын жүрекше, қарынша, одан бір үлкен артериальды тамыр –құрсақ қолқасы
басталады. Ол әкелуші желбезек артерияларына тармақталады, ондағы вена қаны желбезек
қапшықтарының капиллярларына келеді. Оттегіне қаныққан қан әкетуші желбезек артериялары
арқылы сыңар арқа қолқасына құйылып, тармақталып бүкіл организмге таралады.
Денесінің алдыңғы жағынан вена қаны алдыңғы кардинальды венаға жиналады. Құйрық
венасы дене қуысында артқы жұп кардинальды венаға тармақталады. Ішектен шыққан ішекасты
венасына, одан бауырға барып бауыр вена қақпасын түзеді. Қан бауыр венасы арқылы венозды
синусқа құйылады.
Жүйке жүйесі. Миноганың жүйке жүйесін орталық және шеткі жүйкен жүйесі деп бөледі.
Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын, шеткі жүйке жүйесіне ми мен жұлыннан тарайтын
жүйкелер жатады. Миноганың миы басқа да омыртқалы жануарлардағыдай 5 бөлімнен тұрады.
Алдыңғы мидың көлемі үлкен емес, оның иіс сезу бөлімі және жарты шарлары айқын бөлініп
тұрмайды. Аралық ми үстінен қарағанды жақсы көрінеді. Аралық мидың үстіңгі жағында эпифиз,
астыңғы жағында гипофиз орналасқан. Ортаңғы ми миногада нашар жетілген. Ортаңғы мидың
бүйір қабырғаларында мидың көру бөліктері орналасқан. Мишық миногаларда нашар дамыған,
нышан түрінде болады және жеке бөлім ретінде бөлінбейді. Сопақша мидың көлемі біршама
үлкен. Оның артқы шеті жіңішкеріп барып жұлынға ұласады. Жоғарыда аталған мидың бөлімдері
бір-бірінен толық жіктеліп айқындалмаған және барлығы бір түзудің бойында орналасқан. Мидан
10 жұп жүйкелер тарайды: