Зәр шығару жүйесі.
Ланцетниктің зәр шығару жүйесі нефридиальды типті.
Зәр шығару
мүшесінің қызметін жұтқыншақ маңайына орналасқан 90 жұптай нефридия түтіктері атқарады.
Нефридия түтігінің бір ұшы желбезек маңындағы қуысқа, екінші бірнеше нефростомдары бар ұшы
дене қуысына(целомға) ашылады. Әрбір нефростомада бірнеше соленоцит клеткалалары
орналасқан. Соленоциттердің іші қуыс, ішінде қозғалып тұратын талшықтың көмегімен целомның
ішіндегі зәр заттары желбезек маңындағы қуысқа келіп, сумен шайылып сыртқа шығарылады.
Пысықтау сұрақтары:
1.
Төменгі сатыдағы хордалылар ретінде бассүйексіздерге сипаттама бер.
2.
Суда тіршілік ететін жануар ретінде ланцетниктің сыртқы пішіні мен құрылысы қандай?
3.
Қандауыршаның ішкі мүшелер жүйесіне сипаттама бер.
4.
Қандауыршаның көбею мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. В.М. Константинов, С.П. Шаталова
Лабораторный практикум по зоологии позвоночных: Учебное пособие для студентов высшых
пед. учеб. заведений. Москва, «Академия» 2004г.
2. Н.Н. Карташев и др. Практикум по зоологии позвоночных. Изд. 3-е. Москва,2004г.
3. К.Б. Олжабекова, Б.Е. Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы, Алматы, «Қазақ университеті», 1, 2
бөлім. 2007 ж.
4. В.М. Константинов, С.П. Наумов. Зоология позвоночных, 3—изд. Москва, «Академия», 2004 г.
3 -тақырып. Дөңгелекауыздылар класына жалпы сипаттама. Өзен миногасының
сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
өзен миногасының систематикалық орнымен танысып, сыртқы
және ішкі құрылысын танып-білу.
1.
Дөңгелекауыздылар класына тән белгілер
2.
Миногалардың таралуы
Достарыңызбен бөлісу: |