Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы



Pdf көрінісі
бет8/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы. 
Сыртқы көрінісі. 
Ланцетник - ұзындығы 6-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, басы мен 
құйрық бөлімдері үшкір, мөлдір келген жануар. 30-ға жуық түрі белгілі. Олар жылы теңіздердің 
жағалауға жақын таяздау құмды жерлерінде денесінің алдыңғы ұшын сыртқа шығарып, 
уақытының көпшілігін құмға көміліп тіршілік етеді. Ланцетниктер жарықтан тітіркеніп, түнгі 
уақытта белсендірек болады. Олар үшін судың температурасы 12-17 ден 30° С және тұздылығы
23 тен 31°/00.
Құйрық жүзбеқанатының пішіні медициналық құрал ланцетке ұқсағандықтан жануардың 
атауы ланцетник деп аталған. Ланцетниктің денесінің алдыңғы жағында ауызалды шұрығы, 
айналасында сезгіш қармалауыштары болады. Денесінің дорсальды жағында сыңар арқа 
жүзбеқанаты құйрық қанатымен түйісіп, құйрық асты жүзбеқанатымен аяқталады. Ауызалды 
шұрығының арт жағынан басталып, ланцетниктің құрсақ жағының екі жағын бойлай, бір-біріне 
параллель орналасқан, екі метаплевральды немесе терілі қатпар болады. Бұлардың артқы 
ұштарының бір-бірімен қосылған жерін атриопор тесігі немесе су шығатын тесік деп атайды. 
Атриопордан ары қарай құйрық асты немесе аналь қанатының оң не сол жағында аналь тесігі 
орналасады. 
Қорытып айтқанда, ланцетниктің денесі айқын бөлімдерге жіктелмеген, жұп жүзбе 
қанаттары жоқ, терісінің сырты жалаңаш және шырышты бездерге бай болып келеді. 
Терісі. 
Ланцетниктің терісі 2 қабаттан тұрады: сыртқысы - эпидермис, ішкі дәнекер ұлпалы 
– кориум, немесе кутистен тұрады. Жоғары сатыдағы жануарлардың эпидермисінен 
айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула 


қаптап тұрады. Эпидермистің көпшілік клеткалары –цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді 
безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис (кориум) қабаты нашар 
дамыған және ол қоймалжың ұлпадан түзілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет