Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет10/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
Сезім мүшелері. 
Өте қарапайым. Невроцельдің жиегінде орналасқан жарық сезгіш 
клеткалар -Гессе көзшелері арқылы жарықты, Келликер немесе иіс сезу ойысы арқылы судың 
химиялық қасиетін ажырата алады.
Асқорыту және тыныс алу жүйесі. 
Ланцетниктер

су ағысымен келген микроскопиялық 


организмдермен қоректенеді. Көптеген сезгіш қармалауыштары бар ауыз алды шұрығының 
түбінде ауыз тесігі орналасады, ол етті жарғақ –паруспен жұтқыншақтан бөлініп тұрады. Ауыз 
тесігі екі бүйірі желбезекаралық пердемен бөлінген жүзге жуық саңылаулары бар көлемді 
жұтқыншаққа келеді. Ол бірден сыртқа ашылмай атриальдық немесе жұтқыншақ маңы қуысқа 
ашылады. Атриальдық қуыс бүйір қатпарларының өсуінен пайда болған. Қатпарлар құйрық 
бөлімінде өспей, нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік түзіледі. Содан су жұтқыншақтан 
желбезек саңылаулары арқылы атриальдық қуысқа, одан атриопор арқылы сыртқа шығарылады. 
Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде жұтқыншақ түбі сайшасы немесе эндостиль 
болады. Жұтқыншақтың арқа жағында жұтқыншақ үсті сайшасы өтеді. Жұтқыншақ асты және 
жұтқыншақ үсті сайшасы кірпікшелі және безді клеткалары бар эпителимен астарланған. Сумен 
келген ұсақ қорек бөлшектері безді клеткадан бөлінген шырышпен шыланып, эндостильдегі
кірпікшелердің көмегімен жұтқыншақ үсті сайшасына түсіп, ішекке қарай жылжиды. Ішегі 
жіктелмеген, қысқа болып келеді. Қысқа ішек аналь тесігімен аяқталады. Жұтқыншақтың оң жақ 
бөлігінде жұтқыншақ пен ішектің шекарасында тұйық өскін –бауыр өскіні болады. Ланцетниктің 
қорегі-диатомды балдырлар, ұсақ тамыраяқтылар, радиоляриялар, шаяндар, тікентерілілер, 
қабықтылардың уылдырықтары мен дернәсілдері болып табылады. Ланцетниктің тыныс алуы 
қоректенумен бір мезгілде жүзеге асады. Тыныс алу мүшесі жұтқыншақтың екі бүйіріндегі жүзге 
жуық желбезек саңылаулары. Олай болса, жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшесі болып 
табылады. 
Жыныс жүйесі. 
Ланцетниктер –дара жынысты жануарлар, бірақ жыныс диморфизмі 
байқалмайды. 25 жұп сопақша келген жыныс бездері денесінің жұтқыншықтың артқы бөлігі мен 
ішектің алдыңғы бөлігінде жатады. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас 
болғанымен, аналықты аталықтан көлденең кесінді жасағанда ірі жұмыртқа клеткаларының 
болуынан ажыратуға болады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болатын өзектер 


арқылы атриальды қуысқа түсіп, сумен шайылып атриопор арқылы суға шығарылады, яғни 
ұрықтану сыртқы ортада жүреді. Олар көктем, жаз немесе күз айларында көбейеді. 
Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Уылдырықтың 
диаметрі 0,1 мм. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған 
жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне 
бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және алғашқы желбезек саңылауы 
қалыптасады. Жұмыртқалары ұсақ және олардың сары уызы аз болады. Ұзындығы 3,6-5,2 мм 
болатын личинкалар түнде судың беткі қаьаттарына, ал күндіз түбіне түседі. Личинкалық 
стадиясы 3 айға созылады. 1 жылда (шығысазиялық түр) ланцетниктің ұзындығы - 30мм, екінші 
жылы - 40мм, үшінші жылы -60мм, төртінші жылы – 70мм болады. Жыныстық жағынан екінші не 
үшінші жылы жетіледі. Әдетте ланцетниктер 1 жылдан 4 жылға дейін өмір сүреді. 
Көрнекті орыс ғалымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет