Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет58/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

қосарлы тыныс алу
деп атайды.
Құстардың қанайналым жүйесі. 
Құстардың жүрегі толығымен 4 қуысқа бөлінген және 
жүректе артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Құстардың денесіне үлкен қан айналу шеңбері 
арқылы тек артерия қаны ғана таралады. Құстарда тек оң жақ қолқа доға қантамыры ғана 
сақталған, ал сол жақ қолқа доға қантамыры жойылған.
Құстардың зәр шығару жүйесі 
жорғалаушыларға ұқсас − жұп жамбас бүйрегінен 
(метанефрос), жұп несепағар (вольф) өзегінен тұрады. Құстарда қуық болмайды. Құстардың 
денесінде зат алмасу процесі өте қарқынды жүретіндіктен зәр затының концентрациясы өте 
жоғары, әрі зәр заты қортылмай қалған қалдық заттармен бірге саңғырық ретінде бірден сыртқа 
шығарылып тұрады. 
Құстардың жүйке жүйесі 
 
жорғалаушыларға ұқсас бөлімдерден түзілген. Бірақ та 
құстардың миының көлемі едәуір үлкен. Әсіресе алдыңғы, ортаңғы ми және мишық жақсы 
дамыған. Алдыңғы ми − құстардың инстинктерін (түйсіктері), ортаңғы ми – кеңістікте 
бағдарлауын, ал мишық қимыл − әрекеттерінің үйлесімділігін реттейді. 
Құстардың сенсорлық жүйесі. 
Құстардың көру мүшесі өте жақсы дамыған. Өйткені 
көпшілік құстар көру мүшесі арқылы бағдарлауға бейімделген. Құстардың (әсіресе түнде белсенді 
тіршілік ететін құстарда) көздері үлкен болады. Құстардың көру өткірлігі көз бұршағы (хрусталик) 
пішінінің өзгергіштігімен және оның торлық қабық пен ара қашықтығының өзгеруімен де 
ерекшеленеді.
Құстардың есту мүшесі ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады және есту мүшесі жақсы 
дамыған. Ал, құстардың иіс сезу мүшесі нашар дамыған.
Құстардың жыныс жүйесі. 
Құстар
 
дара жынысты, іштей ұрықтанады. Қораздарында жұп 
аталық без, жұп тұқымы жолы болады. Ал мекиендерінде тек сол жақ аналық безі мен сол жақ 
жұмыртқа жолы жақсы дамыған. Оң жақ аналық безі мен оң жақ жұмыртқа жолы жойылған. 
Құстар тек қана жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Мекиендерінің жұмыртқа жолында түзілген 
зиготаның сыртын қалың нәруызды қабық (жұмыртқаның ақ заты) қаптайды. Оның сыртынан 
жұқа екі қабық түзіледі. Одан соң олардың сыртынан қатты ізбесті қабық түзіледі.
Құстардың ұрығының дамуы жұмыртқаның сарыуызында жинақталған қор заты арқылы 
жүзеге асады. Ал, жұмыртқаның ақуызы ұрықты сумен қамтамасыз етеді. Ұрықтың дамуы үшін 
құстардың көпшілігі жұмыртқаны дене температурасымен қыздырын басып шығарады 
(шайқайды).
Құстарды балапан шығару ерекшеліктеріне сәйкес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет