Қырсызтөстілер (түйекұстар) отряд үсті
. Бұған жататын құстар ұшпайды. Оның есесіне
құрлықта жақсы жүруге жүгіру-ге бейімделген. Төссүйегі шағын, әрі оның қыры болмайды.
Саусақтарынын саны түрліше, африка түйеқұсында (страуста) – екеу, кивиде – төртеу,
қалғандарында үшеу.
Қырсызтөстілер отряд үсті жеке 5 отрядқа бөлінеді:
1.Африка страустары
(бір ғана түрі бар);
2. Америка түйеқұстары
(нандулар), – екі-үш түрі бар.
3. Австралия түйеқұстары
(казуарлар) – эму және казуардың бірнеше түрі бар.
4. Қанатсыз
түйеқұстар
(кивилер) – үш түрі бар.
5.Тинамутектестер
(жасырынкүйрықтылар) – 47 түрі бар.
Пингвиндер (жүзетін) отряд үсті.
Бұған бір ғана пингвин-тектестер отряды жатады. Оның
16 түрі оңтүстік жарты шардағы теңіздерде таралған. Пингвиндердің алдыңғы аяқтары ескекке
айналған. Құрлықта денесін тік ұстап баяу қозғалады. Төссүйегі-нің қыры біршама жақсы
дамыған. Денесі тығыз қауырсын-дармен қапталған. Пингвиндер моногамды құстар (бір аналығы
бір аталығы жұп құрып тіршілік етеді). Пингвиндердің ең ірілері –
император, король
пингвиндері деп аталады. Император пингвинінің бойының биіктігі 110-120 см., салмағы 45-50
кг. Антрактиданың жағалауында таралған. Ірі жұмыртқасын сауса-ғының үстінде ұстап,
құрсағындағы терілі қатпарымен жауып тұрады. Король пингвині император пингвинінен кішілеу,
оның бойының ұзындығы 90-95 см.
Аделия пингвинінің
саны көп, әрі кеңінен таралған тұр. Ол
ұясын құрлықтағы ойыс жерлерге салады.
Алтыншашты пингвинінің
– көзінің үстіңгі жағында
алтын түсті шоқ қауырсыны болады. Үнді, Атлант мұхиттарынын оңтүстік бөлігінде таралған.
Көзілдірікті (африка) пингвин
Африканың оңтүстік-батыс жағалауында кездеседі.
Галапагосс
пингвинінің
денесі шағын, бойының ұзындығы 50 см.-дей. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |