болуы мүмкін деген пікірді көбірек қолдап жүр. Протоавис Солтүстік Америка аумағында бұдан
225 млн. жыл бұрын, яғни археоптерикстерден 75 млн. жыл ертерек тіршілік еткен.
Протоавистердің көп белгілері (төс сүйегінде қырының жақсы дамуы, сүйектерінің қуысты болуы)
археоптерикстермен салыстырғанда қазіргі құстарға ұқсас екендігі анықталды. Бірақ,
протоавистерде қауырсын болмаған. Сондықтан да, қазіргі кезде ғалымдар археоптерикстерді
ежелгі құстардың тұйық біткен тармағы болуы мүмкін деп есептейді.
Қорыта айтқанда,
протоавистер мен археоптерикстерді қазіргі құстармен байланыстыратын аралық формалар әлі
күнге дейін табылған емес.
Құстардың пайда болуында олардың ұшуға бейімделуі ерекше рөл атқарған. Ал, қауырсын
жамылғысының пайда болуы құстардың дене температурасының тұрақтылығын қамтамасыз еткен
деген пікірлер қалыптасқан.
Құстардың табиғатта да және адам өмірінде де маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: