массивтер кездеседі. Оңтүстікке қарай, солтүстік ендіктің 48-50 градусы аралығын шөлейтті зона
алып жатыр, бұл үшін, астық тұқымдасты өсімдіктер мен жусандар және сораңдардың кезектесіп
орналасуы тән. Бұл жерде өсімдіктер біршама сиреген. Қазақстанда биік өсімдікті далалар өте аз
қалды, өйткені олар құнарлы топырақтарда қалыптасады және бұлар әлде қайда жыртылған.
Бұрынғы селеулі даланың орнында еліміздің солтүстігінде кең-байтақ астық егістіктері бой
көтерген. Құрғақ далалар біршама жақсы сақталған, бірақ олар өте төзімсіз болып келеді.
Республикада олардың ауданы басқа кез-келген елдерден үлкен. Қазақстан далалары әлемдік
масштабта осы типтес ландшафтарды сақтау үшін маңызды.
Далалық зонаға тән құстар: ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, күйкентай, дала
құладыны, дала қыраны, бөдене, ал майда құстардан – дала, түз, қара және аққанат бозторғайлар.
Кейбір далалық түрлер өте сирек кездеседі және жан-жақты қорғауды қажет етеді.
Қазақстанда шөлді аймақ өте үлкен территорияны – еліміздің жалпы ауданының 40%-ға
жуығын алып жатыр. Топыраққа байланысты шөлдің 4 типін ажыратады: құмды, сазды, қиыршық
тасты және сортаңды. Шөл өсімдіктері жамылғысы үшін 2 ерекшелік тән:
өсімдік жамылғысы
тұтастай болмайды, бір бірінен біршама қашық орналасады және топырақ бетін толықтай
жаппайды. Өсімдіктердің негізгі массасын бұталар мен бұташықтар құрайды, ал шөптесін
өсімдіктер аз болады, далалы жерлерде керісінше шөптесін өсімдіктер басым болып келеді. Шөл
мен шөлейттің тағы бір ерекшелігі – эфемерлер мен эфемероидтардың көп болуы, яғни ерте
көктемде пайда болып, тез гүлдеп, тұқым беріп, жазға қарай қурап кететін өсімдіктер мол болады.
Осыған орай шөл бейнесі күрт өзгереді.
Көпшілікке кең таныс шөл өсімдігі – сексеуіл, ол бұта түрінде де, кішігірім ағаш түрінде де,
бағанасы біршама жуан, биіктігі бірнеше метрге жететін және өзіндік сексеуіл орманын түзейтін
ағаш түрінде де өсетін өсімдік. Сексеуіл ормандары заңсыз кесуден жойылып кету жағдайында
тұр. Нағыз шөл бұталары – жүзгін, қоянсүйек. Шөл орманының тағы бір типі – тоғай. Тоғай деп
шөл
өзендерін бойлай өскен, тораңғыдан (теректің бір түрі), жидеден, шырғанақтан, талдан,
бөріқарақат бұталарынан, шеңгелден, қамыс өскен телімдерден, жиі гүлшырмауықтармен
шырмалған және арасынан ит тұмсығы өтпейтін қалың орманды атайды. Тоғай ормандары өте
шашырап орналасқан, Іле, Қаратал, Сырдария және басқа да өзендердің аңғарларында
шоғырланған және өзіндік ерекшелігі бар экосистеманың төзімсіз типі болып табылады. Ең
алдымен өрттен және малды
шектен тыс жоюдан қорғау керек, өйткені бұлардан жас ағаштар
үлкен зардап шегеді.
Шөлейтті және шөлді аймақтар үшін құстардың мынандай түрлері тән: жорға дуадақ,
тілеміш, дырду, сарысағақ және қалтатұмсық шүрілдектер, қылқұйрық, қабауыр және ақбауыр
бұлдырықтар, бәбісек, сары және жасыл боздақтар, үй байғызы, сексеуіл жорға торғайы, сұр
тағанақ, шөл және биші шақшақайлар,
шөл сандуғашы, шөл құнақ, кіші және сұр бозторғайлар
және басқалары. Тораңғы тоғайының құстарының да өзіндік ерекшеліктері болады, бұл орман
үшін мықи, шөл жапалағы, қоңыр кептер, аққанат тоқылдақ, көкқарға, сұр көкшымшық, сексеуіл
торғайы тән.
Достарыңызбен бөлісу: