Орман құстары
Қазақстанда ормандар көп емес – олар оның 5 %-н кем территориясын алып жатыр, бұған шөл
ортасындағы ормандар – сексеуіл ормандары мен өзен аңғарларындағы тоғайлар (су жайылмалары
шіліктері) жатады. Бірақ кейбір орман құстары бұл кітапта дала мен шөл құстары бөлімдеріне
енгізілген, мұнда тек нағыз орман құстары жайында ғана сөз болады. Ормандар еліміздің
солтүстігінде орманды дала зонасында үлкен не кіші массивтер түрінде, оңтүстікке қарай шоқ
және созыла орналасқан қарағайлы ормандар түрінде, осы сияқты шығыс пен оңтүстік-шығыс
тауларында да тараған. Тау ормандарының типтері – жалпақ жапырақты, аралас және қылқан
жапырақты ормандар – жайында біз қысқаша түрде тау құстары бөлімінде айтқанбыз. Дала мен
құрғақ даланың қарағайлы ормандарында, оларға тән қарағайдан басқа, қайың, терек, тал, кейбір
жерлерде таза жапырақты орман телімдерін түзейді. Ормандарда бірен-саран көлшіктер, кішірек
батпақты жерлер де кездеседі. Үлкен қарағайлы ормандар – Қостанай облысындағы Аманқарағай,
Семейдегі Ертіс аңғарындағы созыла орналасқан қарағайлы ормандар, Павлодар облысындағы
Шалдай қарағайлы орманы және басқалары. Солтүстік Қазақстан ормандары – шоқ ормандар
(жекелеген массивтер түрінде) типі, бұлар далалық телімдер (негізінен жыртылған) және көптеген
көлдермен араласып кеткен, көп жағдайда қайың мен теректен тұрады. Қазақстанның барлық
ормандары сақтауға жатады, оларда өндірістік кесу жұмыстарын жүргізуге тиым салынған.
Ормандардың көптеген телімдері ерекше қорғалатын табиғат территориялары болып табылады.
Орман үшін, мекендеу орны ретінде, күрделі құрылым мен ярустық тән – барлық
ормандарға, биік ағаштардан басқаларына, шағын тоғай, яғни бұта шіліктері мен жас ағаштар
өскіндері де жатады. Әртүрлі мекендеу орындары мен алаңқайлары, әсіресе биік өсімдікті, саны
артады. Орман әртүрлі болған сайын, онда сүректі ағаштар тұқымы, қуысы көп ескі ағаштар,
бұталар, ормандар шетіндегі алаңдар көп болған сайын, онда құстар да көп болады. Нағыз орман
құстарының әдетте қанаттары біршама жалпақ, құйрығы ұзарған, яғни бұтақтар арасында мәнерлі
ұшуға мүмкіндік береді – жыртқыш құстардан, мысалы, бұл – қаршығатектестер. Біршама
маманданған топ – тоқылдақтар, бұлар ағаш қабығы мен ескі сүректі ағаштарды шоқып, ондағы
насекомдардың дернәсілдерін іздейтін және ағаш бағанасы бойымен тік бағытта қозғалу үшін
аяқтары арнайы құрылысты құстар. Орманның әрбір ярусында өз құстары қоректенеді – жерде
бұлар, мысалы, сайрауықтар мен бұлбұлдар, бұталарда – сандуғаштар мен сарықастар, ағаш
бұтақтарында – көкшымшықтар мен жаурауықтар, ағаш бағаналарында – тоқылдақтар,
көктекелер, шиқылдақтар, ауада насекомдарды шыбыншылар аулайды және т.т. Жоғарыда
аталғандардан басқа, кейбір ормандар мен екпе ағаштарда жағалтай, маубас жапалақ, құлақты
жапалақ, сауысқан, ақтұмсық қарға, ала және қара қарғалар, көкек, құр, дыркептер, мысықторғай
(сарғалдақ), пайыз торғай, шырша қайшыауызы, суықторғай, жаурауық, жасыл туылжық, кәдімгі
құралай және басқалары да мекендейді.
Тау құстары.
Тау жоталары негізінен Қазақстанның оңтүстік және шығыс шекаралары бойынша созылып
жатыр. Бұлар – Батыс және Солтүстік Тянь-Шань таулары, Жоңғар Алатауы, Саур мен Табағатай,
Алтай және олардың жазыққа қарай еніп жатқан сілемдері. Елімізде Орталық Қазақстанның
жазықтарында орналасқан бірнеше аласа тау массивтері де бар, бірақ олардың орнитофаунасы
таулық сипатқа аса тән емес. «Нағыз», яғни біршама биік тауларға келсек, оларға, ең алдымен, тік
аймақтық тән, яғни биіктікке байланысты табиғат жағдайлары мен өсімдіктер дүниесі өзгеріске
ұшырайды. Биіктік өскен сайын жазғы температура төмен болады және жауын-шашын көп
болады. Мысалы, Тянь-Шань тауларын қоршап жатқан шөлейтті жерлер, тау етектеріне
жақындағанда даламен алмасады (қазір толықтай ауылшаруашылық жерлеріне айналған), сонан
соң бұталар мен жапырақты ормандар белдеуі, ол теңіз деңгейінен 1500-1700 м биіктікте аралас
және қылқан жапырақты ормандарға (Батыс Тянь-Шаньда бұл бағаналы аршалар) өтеді, одан ары
шалғындар мен жатаған аршалардың субальпі белдеуі (шамамен 2700 м-н бастап), ары қарай –
альпі шалғындықтары орналасады, ең соңында мәңгі қарлар, немесе нивальді (4000 м-ден жоғары)
белдеумен аяқталады.
Тік аймақтықтан басқа, тауларда тау беткейлерінің орналасуы да үлкен рольге ие, яғни ол,
мысалы оңтүстікке қараған және күн жақсы қыздырады, немесе солтүстікке қараған және
әруақытта көлеңкеде қалады. Бұлардан температура мен ылғалдылық тәуелді және оларға сәйкес
өсімдіктер де тәуелді болады. Орташа биіктердегі оңтүстік беткейлер, әдетте, аласа шөп өскен
ашық, сайлары бұталы, ал солтүстік орманды болып келеді. Тауларда көптеген кіші және орташа
өзендер, жылғалар мен бұлақтар көп, өсімдіктері де оларға сәйкес болады. Биіктік пен
беткейлердің осылайша орналасуына байланысты жағдайлардың алмасуы, сол сияқты су
көздерінің әртүрлі болуы тауларда мекендеу орталығының түрлі болуы тән, осыған сәйкес
құстардың орналасуы да алмасады. Батыс Тянь-Шаньнан Жоңғар Алатауына дейінгі тау жоталары
үшін жапырақты ағаштардан жабайы алма мен өрік (мәдени сорттардың тегі),көк терек, долана,
шетен, қайың, қылқан жапырақтылардан – Батыс Тянь-Шаньда ағаш арша, ал Солтүстік Тянь-
Шаньда Шренк, немесе Тянь-Шань шыршасы, Жоңғар Алатауында оған самырсын қосылады.
Алтайда қайың, көк терек, мойыл біршама басым, ал қылқан жапырақтылардан тайгаға тән Сібір
шыршасы, самырсын, балқарағай, майқарағай кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік жартысындағы тау ормандары мен биік таулар – табиғаты қатал
шөлдер мен құрғақ далалардың ортасындағы климаты салқын, ормандары қылқанды және мәңгі
мұздықты аралдар болып табылады. Бұл жерлерде құр, қаршығарең жапалақ, жүнбалақ байғыз,
үшсаусақты тоқылдақ, қара шымшық ....... сияқты құстардың тайгалық түрлері кездеседі.
Алтайдың субальпі белдеуінде, мысалы, тундра шілі сияқты солтүстік түрде кездеседі. Тек
тауларда құмай, сақалтай, гималай (Алтайда – алтай) ұлары, қызылтұмсық шауқарға, сарытұмсық
ұзақ, сұржөн және қаратұмсық содырғылар, тау жадырағы, қаратөс бұлбұл, жарқұс, әсем
шымшық, аршашыл құнақ, арша ементұмсығы және арша құралайы және т.т., суда – орақтұмсық,
кәдімгі және қоңыр сушылқаралар, көкқұс мекендейді.
Тау құстары үшін тік бағытта қоныс аудару тән – ол ауа-райы мен қоректену жағдайына,
әсіресе жылдың суық мерзімінде, байланысты көптеген құстар төмен түседі, сонан соң жоғары
қайтады, немесе, сиректе болса, керісінше төмендейді.
Аса биік емес жартасты, біршама құрғақ, бұталар мен ағаштар тек қана су көздері маңында
өскен, тік аймақтық анық байқалмайтын таулардың фаунасында да ерекшеліктер болады. Бұл,
мысалы Батыс Тянь-Шаньдағы Қаратау жотасы, Солтүстік Тянь-Шань сілемдері – Шу-Іле
таулары, Торайғыр, Бөгеті және басқалары, Жоңғар Алатауында – Шолақ, Матай және т.т. Бұл
жерлерде бүркіт, ителгі, кекілік, көкала және алабажақ сайрауықтар, қасқа шақшақай, үлкен құз
көктекесі, жартас және татрең сұлыкештер және басқалар тән.
Елді мекен құстары.
Достарыңызбен бөлісу: |