Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


кагуан  (малай  жүнқанаты).  6-отряд. Приматтар (маймылдар)



Pdf көрінісі
бет78/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

кагуан 
(малай 
жүнқанаты). 
6-отряд. Приматтар (маймылдар). 
Туыстық жағынан жәндікқоректілерге ұқсас. 
Олардың 200-дей түрі Азияның, Африканың, Американың тропикалық ормандарында кез-деседі. 2 
отряд тармағына бөлінеді; а) жартылай маймылдар; ә) жоғары сатыдағы маймылдар. 
а) Жартылай маймылдар (төменгі сатыдағы) отряд тармағына Азияның оңтүстік-
шығысында, Индонезия, Мадагаскар аралдарында, Африканың тропикалық ормандарында 
таралған. 53 түрлі тупайлар, лемурлар, долгопяттар жатады. 
ә) Жоғары сатыдағы маймылдардың
 
140-тан астам түрі белгілі. Көпшілігінің құйрығы 
болмайды. Басбармақтары басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Барлық саусақтарында 
жалпақ тырнақтары болады. Үлкен ми сыңарларының көлемі үлкен әрі оның сыртында көптеген 


иірімдері, сайшалары бар. Кең таралған тұқымдастары – кеңтанаулылар, тартанаулылар, адам-
тектес маймылдар, жабысқаққұйрықтылар, ойынпаз маймылдар т.б. Адамтектес маймылдарға – 
гиббондар, орангутандар, горил-лалар, шимпанзелер жатады. Адамдар тұқымдасы да жоғары 
сатыдағы маймылдар отряд тармағына жатады. 
 
14-тақырып. Нағыз аңдардың жеке отрядтарына жалпы сипаттама. 
 
Сабақтың мақсаты:
сүтқоректілердің систематикалық орнымен танысу. Сүтқоректілер 
класының жіктелуі. 
 
7-отряд. Қоянтектестер. 
Олар ұзын аяқтары, түтік пішінді құлақ қалқандары, қысқа 
құйрығы арқылы ерекшеленеді. Олардың сойдақ тістері болмайды. Күрек тістері мен азу тістерінің 
арасында едеуір кең тіссіз кеңістігі (диастемасы) болады. Үстінгі жақ сүйегінде екі жұп күрек тісі 
бар. Қоянтектестер Жер шарын-да кеңінен таралған. Олардың 60-ға жуық түрі белгілі. Олар 2 
тұқымдасқа жіктелген: а) қояндар; ә) шақылдақтар. Қояндардың артқы аяқтары алдыңғы 
аяқтарынан едеуір ұзын, құйрығы қысқа, құлақ қалқандары үлкен. Кең тараған түрлері – аққоян, 
ор қоян, құм қояны (толай), жабайы қоян (кролик) т.б. Шақылдақтар тұқымдасына құлақ 
қалқандары да, аяқтары да қысқа көбіне Азияның таулы өңірлерінде таралған аңдар жатады. Кең 
тараған түрлері – даур шақылдағы, солтүстік шақылдағы т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет