Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Хордалылардың (желілілердің) шығу тегі және эволюциясы



Pdf көрінісі
бет86/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Хордалылардың (желілілердің) шығу тегі және эволюциясы 
Хордалылар
(желілілер) жануарлар дүниесінің тарихи даму кезеңдерінде ең соңғы, әрі ең 
жоғары сатыда дамыған жануарлар типіне жатады. Хордалылардың құрылысында басқы 
омыртқасыз жануарлар типтерінен басты айырмашылығы – ішкі қаңқаның қызметін атқаратын 
серпімді әрі вакуольді клеткалардан тұратын, әрі сегменттерге бөлінбеген 
арқа хордасының 
болуы
арқылы ерекшеленеді. Арқа хордасы ұрықтың дамуы кезінде ішектің арқа тұсынан 
біртіндеп бөліну арқылы пайда болады. Хорда жануарлардың арқа тұсына жақын ұзына бойы 
орналасқандықтан арқа хордасы деп аталады. Төменгі сатыдағы хордалыларда (бассүйексіздерде) 
хорда өмір бойы сақталады. Ал, қабықтылардың тек дернәсілдік (личинкалық) даму кезеңінде ғана 
хорда пайда болып, ересектерінде хорда жойылып кетеді. Сондықтан да, қабықтыларды кейде 
личинкахордалылар 
деп те атайды. Хордалылардың жоғарғы сатыдағы тобы – 
омыртқалыларда 
(немесе бассүйектілерде) хорда олардың ұрығының дамуының алғашқы 
кезеңінде пайда болып, кейіннен оның орнына шеміршекті немесе сүйекті 
омыртқа жотасы 
пайда болады. Сондықтан да, оларды 
омыртқалы жануарлар
деп атайды.
Хордалыларда хорданың үстіңгі жағында ұзына бойы созыла орналасқан 
жүйке түтігі
болады. Ол орталық жүйке жүйесінің қызметін атқарады. Төменгі сатыдағы бассүйексіздер мен 
қабықтыларда жүйке түтігі өмір бойы сақталады. Ал, омырқалыларда жүйке түтігі ұрығының даму 
кезінде болады да, оның алдыңғы бөлігі – 
миға,
артқы бөлігі – 
жұлынға 
айналады.
Хордалылардың асқорыту мүшелері хорданың астыңғы жағында орналасқан. Олардың 
жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген 
желбезек саңылаулары
орналасады. Суда тіршілік етуге 
бейімделген хордалыларда желбезек саңылаулары өмір бойы сақталып, желбезек аппаратына 
айналады да, суда еріген оттекпен тыныс алады. Құрылықта тіршілік етуге бейімделген кейбір 
омыртқалыларда желбезек саңылаулары ұрықтық даму кезінде пайда болып, кейін оның орнына 
атмосфералық ауаның құрамындағы оттекпен тыныс алатын арнайы мүше - 
өкпе 
пайда болады.
Хордалылардың қабықтылардан басқа топтарының бәрінің де қанайналымы – тұйық, әрі 
олардың жүрегі денесінің құрсақ жағында орналасқан. Сонымен қатар, хордалыларда кейбір 


омыртқасыздарға ұқсас үшқабатты, екі жақты симметриялы, екінші реттік дене қуысы (целлом) 
болады. Хордалылардың да кейбір мүшелері өзара ұқсас бөліктерден (сегменттерден) тұрады.
Хордалылардың шығу тегі туралы зоолог ғалымдар арасында түрліше пікірлер бар. Төменгі 
сатыдағы хордалылардың қатты қаңқа қалдықтары болмағандықтан олардың қазба қаңқа 
қалдықтары сақталмаған. Сондықтан да, ғалымдар хордалылардың шығу тегін анықтау үшін 
көбіне жанама түрдегі ғылыми эмбриологиялық және анатомиялық деректерге ғана сүйеніп 
пікірлер айтады. Мысалы, көрнекті орыстың эмбриолог ғалымы Александр Онуфриевич 
Ковалевский (1840-1901) хордалылардың арғы тегін қарапайым екінші реттік ауыз қуысы бар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет