Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет82/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

а) 
Күйіс қайтармайтындар. 
Бұл отряд тармағының түр құрамы көп емес (10-ға жуық түр). Олар үш 
тұқымдасқа бөлінеді: 
1.шошқалар; 2.бегемоттар; 3.пекарьлар.
Бұлардың бәрі де 
төртсаусақты. Азу тістері жақсы дамыған, сойдақ тістері ірі әрі өмір бойы өсе береді. Олар 
өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректенеді. Европа мен Азияда кең тараған түрі – 
жабайы 
шошқа 
(қабан). 
Ол үй шошқаларының арғы тегі. Африкада таралған 
бегемот 
– денесі ірі 
жартылай суда тіршілік етеді. Терісіндегі өте көп бездер құрғап кетуден сақтайды. Өзен мен 
көлдерде таралып, су өсімдіктерімен қоректенеді, құрлыққа сирек шығады. Ол Орталық және 
Шығыс Африкада таралған. 
Пекарьлар 
– шошқаларға ұқсас. Олар Оңтүстік және Орталық 
Америкада кездеседі. 
ә) Күйіс қайта-ратындар. 
Бұл отряд тармағына 180-дей түрлі жұп тұяқты 
сүт-қоректілер жатады. Сойдақ тістері нашар дамыған, кей түрлерінде жойылған. Қарындары 
күрделі құрылысты, көп түрлерінде мүйізі болады. Аяқтары жақсы жетілген. Олардың негізгі 
тұқымдастары: 1) 
бұғылар
. Олардың бірнеше тармақты мүйіздері терінің кутис қабытынан 
пайда болады және жыл сайын түсіп ауысып отырады. Көпшілік түрінде мүйіз аталықтарында ғана 
болады. Олар дүниежүзінде кеңінен таралған. Кең тараған түрлері – солтүстік бұғысы, кәдімгі 
бұғы (марал), теңбіл бұғы, бұлан, елік. Бәрінің де кәсіптік мәні бар. 
2) жирафтар (керіктер) 
тұқымдасы. 
Олар тек Африкада ғана таралған. Алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан едеуір ұзын. 
Кең тараған түрлері – жираф, окапи. Олар өсімдіктермен қоректенеді.
3) құдырлар тұқымдасының 
бір ғана түрі – кұдыр. Ол оңтүстік және шығыс Сібірдің, Қиыр 
Шығыстың, Орталық Азияның, Алтайдың таулы алқаптарын мекендейді. Мүйіздері болмайды, 
аталықтарының жоғарғы жақ сүйегіндегі сойдақ тістері өте жақсы дамыған. Жұпар бездерінен 
хош иісті заттар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет