15-отряд. Тұмсықтылар. Ұзын тұмсықтары үстіңгі ерінмен тұтасып кеткен. Тұмсығының
түбінде тірек қызметін атқа-ратын шеміршегі болады. Тұмсығы тері мен бұлшықеттен тұратын
түзіліс. Терісі қалың, түктері өте сирек. Үстіңгі жақ сүйегін-дегі күрек тістері алға қарай
созылыңқы, сойдақ тістері болмайды. Оған пілдер жатады. Пілдер 10-16 жылда жыныстық
жетіледі. Африка пілі үнді пілінен ірі. Бұл отрядқа тарихи дәуірде жойылып кеткен мамонт (зіл) та
жатады.
16-отряд. Тақтұяқтылар . Бұл отрядқа жататын жа-нуарлардың аяқтарының 3-
саусақтары жақсы дамыған. Басқа саусақтары қалдық түрінде немесе жойылған. Бұғана сүйегі
болмайды. Қазір бұл отрядтың 3 тұқымдасының өкілдері кеңінен таралған.
Тапирлер тұқымдасының 5 түрі бар. Олардың тұмсықтары мен үстіңгі еріндері тұтасып алға қарай
созылған. Олар Онтүстік Америка мен Оңтүстік-шығыс Азияда таралған.
Мүйізтұмсықтар тұқымдасы . Терісінде түктері болмайды. Маңдай және мұрын сүйектерінде терінің
эпидермисінен пайда болған бір не екі мүйізді өскіні болады. Түрлері – үнді және ақ
мүйізтұмсықтар.
Жылқылар тұқымдасының үшінші саусағы ғана жақсы дамыған. Қазіргі кезде
таралған түрлері керқұлан (Прежевальский жылқысы) және құлан, зебр, есек. Тарихи дәуір-лерде
тарпан деген жабайы жылқы түрі далалы аймақтарда таралған. Ол үй жылқысының арғы тегі деп
саналады.
17-отряд. Көнтабандылар. Бұл отрядқа түйелер және Оңтүстік Америкада таралған
ламалар жатады. Аяқтарының құрылысы жүптұяқтыларға ұқсас. Айыр өркешті түйе – бактериан,
сыңар өркешті түйе – дромедар, Оңтүстік Американың таулы алқаптарында – викунья, гуанако
деген 2 түрі бар. Оңтүстік Америкада лама және альпака деген қолтұқымдары қолға үйретілген.
18-отряд. Жұптұяқтылар. Бұл отрядтың көпшілік түрі құрлықта тіршілік етуге бейімделген,
әрі өсімдікқоректі, жақсы жүгіреді. Аяқтары жақсы жетілген, үшінші және төртінші саусақ-тары
біркелкі жақсы жетілген. Екінші және бесінші саусақтары кіші. 2 отряд тармағына бөлінген: