Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Жоғары сатыдағы немесе ұрықжолдасты аңдар



Pdf көрінісі
бет77/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Жоғары сатыдағы немесе ұрықжолдасты аңдар. 
Қазіргі аңдардың көпшілік түрі осы 
инфракласқа жатады. Бұларға тән негізгі белгілер: алдыңғы мидың қыртысы жақсы дамыған,тістері 
жеке топтарға жіктелген, әрі тістері – сүт және тұрақты тістер деп бөлінген. 
Эмбриональдық дамуы ұрықжолдасының түзілуімен тығыз байланысты, қалта сүйектері 
болмайды. Жоғары сатыдағы аңдар инфракласының негізгі отрядтары: 
1-отряд. Толық емес тістілер. 
Бұл отряды түрінің саны аз, тек Оңтүстік Америкада 
кеңінен таралған. Олардын тістері толық жеке топтарға жіктелмеген. Үлкен ми сыңарлары 
нашар дамыған, иірімдері болмайды. Қазіргі кезде бұлардың 3 тұқымдасының түрлері кездеседі: а) 
жалқауаңдар; ә) құмырсқажегіштер; б) сауытты аңдар. Олардың түрлері Орталық және 
Оңтүстік Америкада ғана таралған. 
2-отряд. Кесірттер. 
Бұл отрядқа Оңтүстік Азияда және Африканың тропикалық 
аймақтарында таралған аңдар жатады. Олардың денесі жапсарласа орналасқан мүйізді 
қабыршақтармен қапталған. Жақ сүйектерінде тістері болмайды. Олар термиттермен және 
құмырсқалармен қоректенеді. Қарнындағы ұсақ тастар қорегін майдалап ұсақтайды. 
3-отряд. Жәндікқоректілер. 
Бұл отрядқа ертеден келе жатқан қарапайым ұрықжолдасты 
аңдар жатады. Ми сыңарлары-ның көлемі аз, тістері нашар жіктелген. Алға созылыңқы әрі 
қозғалмалы тұмсығы болады. Көшпілік түрлерінде иіс шығаратын бездер бар. Олар Жер шарында 
кеңінен таралған және әр түрлі орта жағдайларында (құрлықта, жерастында, суда, ағаш басында) 
тіршілік етуге бейімделген. Негізгі тұқымдастары – көртышқандар, жұпартышқандар, кірпілер 
және жертесерлер т.б. Бұлардан басқа Африкада секіргіштер, алтын түсті көртыш-қандар, Куба, 
Гаити, Мадагаскар аралдарында – 
тенректер 
кездеседі. 
4-отряд. Қолқанаттылар (жарқанаттар). 
Бұл отрядқа ұшуға бейімделген сүтқоректілер 
жатады. Оларда қанаттың қыз-метін алдыңғы аяқтарының арасында, денесінің екі бүйірінде, артқы 
аяқтарында, құйрығында болатын терілі жарғақтар атқарады. Ультра дыбыс толқындарын 
өздерінен шығарған жаңғырықтары арқылы өте дәл ажырата алады. Олардың 1000-ға жуық түрі 
Жер шарында (Арктика мен Антарктикадан баска құрлық-тарда) кеңінен таралған. 2 отряд 
тармағына бөлінеді: а) қанат-тылар; ә) жарқанаттар. 
5-отряд. 
Жүнқанаттылар. Олардың түрлері Үнді-Қытай түбегінде және Малай аралдарында 
таралған. Аяқтарын, мойнын және құйрығын тұтасымен байланыстыратын қалың терілі жарғағы 
жүнмен қапталған. Түнде белсенді тіршілік етеді, өсімдік-термен қоректенеді. Ағаштан-ағашқа 
қалықтап ұша алады (60-100 метрге дейін). Екі түрі бар. Кең тараған түрі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет