Төменгі және жоғары сатыдағы аңдарға
жалпы сипаттама.
Нағыз аңдар класс тармағына жататын сүтқоректілер ұрпағын тірі туады. Олардың сүт
бездері түтік тәрізді емес, көпшілігінде етті еріндері бар. Оларда клоака болмайды, сондықтан
олардың аналь, зәр, жыныс тесіктері сыртқа жеке ашылады.
Төменгі сатыдағы аңдардың
қалталылар деген бір ғана отряды бар. Оған 250-дей
сүтқоректілердің түрі жатады. Олардың сыртқы түрі, дене мөлшері түрліше (4 см-ден 160 см-ге
дейін) болады. Қалталылардың аналық организмде дамуы қысқа уақыт (12-30 тәулік ішінде)
аралығында жүреді. Ұрпақтары жетілмей туады, ұрық жолдасы нашар дамыған. Мысалы, алып
кенгурудың ұрпағының дене мөлшері 3 см-ден аспайды. Көпшілігінің құрса-ғында терілі қалтасы
болғандықтан оларды қалталылар деп ата-ған. Аналықтарының жыныс жолдары жүп, төменгі жақ
сүйегі иілген, тістері толық түсіп ауыспайды. Олардың түрлері Оңтүс-тік Америка мен
Австралияда таралған. Солтүстік Америкада –
солтүстік кәдімгі опоссум
деген түрі кездеседі.
Қалталылардың қазіргі кезде таралған негізгі тұқымдастары: опосумдар, ценолестидалар,
жыртқыш қалталылар, қалталы құмырсқажегіштер, қалталы көртышқандар, қалталы аюлар,
вомбаттар, кенгурулар. Кенгурулардың 50-дей түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: