бездері (құрсағында) выхухоль (құйрық түбінде), бобр (аналь тесігінің қасы) ондатр (жыныс
тесігінің жанында) орналасады.
Сүт бездері:
түрі өзгерген тер бездері болып табылады және бір тесікті сүтқоректілерде
түтік тәрізді болады. Жоғары сатыдағы сүтқоректілерде олар бұршақ тәрізді болады.
Жоғары
сатыдағы сүтқоректілерде сүт бездерінің өзегі емшектің ұшына ашылады,
олар құрсақ жағында,
сирек көкірек жағында орналасады (ағашқа өмермелеп тіршілік ететін маймылдарда және
жарқанаттарда көкірек жағында); жүгіретін сүтқоректілерде
паховой области, насекомқоректілер
мен жыртқыштарда құрсақ жағында 2 қатар болып орналасады.
Емшектің саны ұрпақтарының
санына байланысты болады. Маймылда, қой, ешкіде, пілде – 2 (минимум - 2);
кемірушілер,
насекомқоректілер, қалталыларда саны (10 – 24 мах). Сүт бездерінің секреті – сүт, оның құрамына
100 компонент, олардың ішінде су, ақуыз, сүт майлары, қант, минералды тұздар. Сүттің
құрамында гормондар мен иммунды денелер болады.
Эпидермистің туындылары: түрліше болып келеді. Олардың негізгісі түк және оның
туындылары мүйізді қабыршақтар, тырнақ, тұяқ, сүйел, мүйіз т.б. Сүтқоректілердің түктері бірдей
емес және олар сезгіш түктер (вибристер), қылшықтар және түбіттер деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: