Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет74/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Тер бездері.
Олар түтін тәрізді, төменгі ұшы клубок түрінде кутисте жатады. Тер бездері 
тікелей тері үстіне, не болмаса түк қапшығына ашылады. Осы бездерден бөлінетін секрет – тер, 98 
% судан және 2 % белок алмасу өнімдерінен тұрады. Тер бездерінің негізгі функциясы – жылу 
реттеу. Бөлінген тер арқылы дене салқындайды. Сонымен қатар термен бірге организмнен түрлі 
зиянды заттар шығып отырады. Тер бездері көпшілік сүтқоректілерде жақсы дамыған. Бірақ 
кейбір аңдарда, иттер, мысық, қоян тәрізділер, кемірушілерде тер бездері өте аз, ал 
киттәрізділерде, жалқау аң, ящерлерде мүлде болмайды. 
Май бездері:
бұршақ тәрізді пішінді және өзегі түк қапшығына ашылады. Бұл бездер майлы 
секрет бөледі, ол түкті және эпидермисті майлап, оларға созылғыштық қасиет береді. Май бездері 
теріні су болудан және түрлі зиянды микроорганизмдердің өтуінен қорғайды.
Иіс бездері:
олар тері немесе май бездерінен дамиды, кейде екеуінің де қосылыстары болып 
табылады. Бұл бездер иіс секретін бөліп шығарады, ол территориалды белгілеу, өзінің жұбын 
табу, қорғану т.б. қызметтерді атқарады. Бұл иіс секретін бөлетін бездер: анальды бездер 
(хоректар, норкалар, америкалық скунс, мангуст), көз алды (антилопа, бұғы, кабарганың мускусты 


бездері (құрсағында) выхухоль (құйрық түбінде), бобр (аналь тесігінің қасы) ондатр (жыныс 
тесігінің жанында) орналасады.
Сүт бездері:
түрі өзгерген тер бездері болып табылады және бір тесікті сүтқоректілерде 
түтік тәрізді болады. Жоғары сатыдағы сүтқоректілерде олар бұршақ тәрізді болады. Жоғары 
сатыдағы сүтқоректілерде сүт бездерінің өзегі емшектің ұшына ашылады, олар құрсақ жағында, 
сирек көкірек жағында орналасады (ағашқа өмермелеп тіршілік ететін маймылдарда және 
жарқанаттарда көкірек жағында); жүгіретін сүтқоректілерде паховой области, насекомқоректілер 
мен жыртқыштарда құрсақ жағында 2 қатар болып орналасады. Емшектің саны ұрпақтарының 
санына байланысты болады. Маймылда, қой, ешкіде, пілде – 2 (минимум - 2); кемірушілер, 
насекомқоректілер, қалталыларда саны (10 – 24 мах). Сүт бездерінің секреті – сүт, оның құрамына 
100 компонент, олардың ішінде су, ақуыз, сүт майлары, қант, минералды тұздар. Сүттің 
құрамында гормондар мен иммунды денелер болады. 
Эпидермистің туындылары: түрліше болып келеді. Олардың негізгісі түк және оның 
туындылары мүйізді қабыршақтар, тырнақ, тұяқ, сүйел, мүйіз т.б. Сүтқоректілердің түктері бірдей 
емес және олар сезгіш түктер (вибристер), қылшықтар және түбіттер деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет