Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Аналықтарында ұрықтың дамитын арнайы мүшесі – жатырда (көпшілік  түрлерінде)  ұрық жолдасы



Pdf көрінісі
бет73/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

 
Аналықтарында ұрықтың дамитын арнайы мүшесі – жатырда (көпшілік 
түрлерінде) 
ұрық жолдасы 
(плацента) түзіледі. Ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайды. Сүт бездері 
түрі өзгерген тер бездері болып саналады. Ұрық жолдасы аллантоистың сыртқы қабығының сір 
қабықпен тұтасуынан пайда болып, борпылдақ хорион қабығы түзіледі. Ол ерекше бүрлері 
арқылы жатырдың қабырғасымен байланысады. Осы жерде ұрықтың қантамырлары аналық 
ағзамен тығыз қарым-қатынаста болып, газ алмасу, қоректену, ыдырау өнімдерін сыртқа шығару 
жүзеге асады. 
Тері және оның туындылары. 
Сүтқоректілердің терісі барлық хордалы жануарлардағыдай 2 қабаттан тұрады: - сыртқы 
эпидермис және ішкі – кутис немесе дерма. Осы типтің басқа өкілдеріне қарағанда 
сүтқоректілердің терісі қалың болады. Сүтқоректілердің терісі түрлі бездерге бай болып келеді. 
Олар: сүт, тері, май, иіс бездері және түрлі мүйізді және сүйекті жануарлар да болады. Тері – 
полифункциональды мүше, ол дененің қорғаныш, терморегуляция, тыныс алу, бөліп шығару және 
т.б. процестерге қатысады. 
Терінің сыртқы қабаты – эпидермис. Ол кутистен базальды мембрана арқылы бөлініп 
тұрады. Эпидермистің өзін 2 қабатқа бөлуге болады. Базальды мембранада жататын терең қабаты 
мальпиги немесе өсуші қабат, онда клеткалары ірі, тірі, олар үздіксіз көбейіп отырады. 
Мальпиги қабатының ескірген клеткалары тіршілігін тоқтатып, мүйізденген зат – кератогиалиннен 
қабатталып отырады. Осы тіршілігін тоқтатқан клеткалар эпидермистің сыртқы мүйізделген 
қабатын түзеді, ол үнемі түлеп, төменгі қабаттың клеткаларымен ауысып отырады. 
Терінің ішкі қабаты – кутис немесе нағыз тері қабаты, әдетте эпидермисстен қалыңдау 
болады. Ол бірыңғай бұлшықет талшықтарынан тұратын тығыз дәнекер ұлпасынан және кутистің 
терең қабаты, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын, май жиналатын теріасты клетчаткасынан 
тұрады. Кутис қабатында қан тамырлары мен жүйкелер тығыз шоғырланады. Ол эпидермисте қан 
тамырлары болмайды. Ол қабат диффузды қоректенеді. Оған толқындап орналасқан кутистің 
емізікшелері мүмкіндік береді. Ол эпидермис қабатына еніп жатады. 
Сүтқоректілердің терісі рептилия мен құстарға қарағанда әр түрлі қызмет атқаратын көп 
клеткалы тері бездерімен қамтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет