жәндікқоректілер
жатады. Олардың қаңқа
қалдықтары бор дәуірінің жыныстарынан Монголия жерінен табылған. Олардан бірте-бірте
сүтқоректілердің басқа топтары таралды. Ағаш басында тіршілік еткен жәндікқоректілерден
қолқанаттылар (жарқанаттар), ал құрлықта тіршілік еткен тобынан кемірушілер пайда болған.
Жәндікқоректілердің бір тармағы жыртқыштарға бастама болды. Кейіннен жыртқыштардың бір
тармағынан екінші рет суда тіршілік етуге бейімделген – ескекаяқты сүтқоректілер пайда болған.
Ертедегі жыртқыштардың бір тармағы тұяқты сүтқореқтілердің пайда болуына себепші болған.
Кейін тұяқты сүтқорек-тілердің өзі тақтұяқтылар және жұптұяқтылар деп екі тармаққа бөлінген.
Тұяқты сүтқоректілерден эволюция барысында дамандар, түтіктістілер, тұмсықтылар, сирендер,
киттектестер пайда болған. Ертедегі жәндікқоректі сүтқоректілерден приматтар (маймылдар)
пайда болған деген пікірлер бар. Приматтардың эволюциясында ерекше кезең адамтектес
маймылдардан адамның пайда болуы болып саналады. Адамның пайда болуында биологиялық
факторлармен бірге әлеуметтік факторлардың да рөлі зор болды.
Сүтқоректілердің экологиясы және практикалық маңызы
Сүтқоректілердің биологиялық прогресске жетуінде олардың әр түрлі экологиялық орта
жағдайларында тіршілік етуі мен Жер шарында кеңінен таралуы басты рөл атқарды. Қазіргі кезде
сүтқоректілер Антарктидадан басқа барлық құрлықта кеңінен таралған.
Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары:
1. Құрлықта тіршілік ететін сүтқоректілер.
Бұл топқа сүтқоректілердің басым түрлері
жатады. Оларды тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты негізгі екі топқа бөледі:
а) орманда тіршілік ететін сүтқоректілер.
Бұл топқа бұғылар, аюлар, кейбір жыртқыштар
(сілеусін, бұлғын т.б.), тиіндер, жалқауаңдар, маймылдар т.б. жатады.
ә) ашық алаңқай
жерлерді
мекендейтін сүтқоректілер.
Бұл топқа тұяқты сүтқоректілердің
басым түрлері – кемірушілер (қосаяқтар, суырлар, саршұнақтар, қалталылар, жыртқыштар) т.б.
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |