ішектыныстылармен және олардың арғы тегін қарапайым екінші реттік ауыз қуысы – одан да
қарапайым «тірі қазба» деп саналатын иықаяқтылармен байланыстырып түсіндіреді.
Кейбір зоолог ғалымдар хордалыларды буылтық құрттардың бір орында қозғалмай тіршілік
ететін тобы – көпқылтанды құрттардан шыққан деген пікірді ұсынады. Бірақ-та, кейінгі зерттеулер
бұл пікірдің дұрыс еместігін дәлелдеп берді. Ғалымдардың екінші тобы хордалылар ертедегі
екінші реттік дене қуысы бар құртқа ұқсас жануарлардан пайда болуы мүмкін деген көзқарасты
қолдайды. Ал, кейбір ғалымдар хордалылар қазіргі кезде аздаған түрлері сақталған жартылай
хордалы жануарлардың қауырсынжелбезектілер мен ішектыныстылардан пайда болған деген
болжам жасайды. Өйткені, жартылай хордалылардың дене құрылысында хордалы жануарлармен
ұқсас көптеген белгілер кездеседі. Мысалы, жұтқыншағында желбезек саңылауларының болуы
хорданың нышаны мен невроцель қуысының байқалуы және т.б. Дегенмен де, жартылай
хордалылардың құрылысында тек өздеріне тән және тікентерілілерде ұқсас көптеген белгілері
болғандықтан жартылай хордалылар қазіргі кезде өз алдына жеке тип деп есептелінеді.
Соңғы кезде хордалылардың шығу тегі жөнінде екі түрлі гипотеза (болжам) кеңінен
таралған. Оның бірі –
Гарстанг гипотезасы деген атпен белгілі. Бұл болжам бойынша
хордалылардың тікелей арғы тегі ертедегі тікентерілілердің еркін жүзіп тіршілік еткен
дернәсілдері – аурикуляриялардан пайда болған деп жорамал жасайды.
Хордалылардың шығу тегі туралы
екінші гипотеза (А.Н.Северцов және т.б.) бойынша
хордалылар сыртқы түрі қазіргі ішектыныстыларға ұқсас су түбінде тіршілік еткен жануарлардан
пайда болған деп жорамалдайды. Хордалылардың шығу тегі туралы бұл екі болжам бірін-бірі
жоққа шығарады. Сондықтан да, әлі де болса хордалылардың шығу тегі түрлі ғылыми зерттеулер
арқылы толық анықтауды қажет етеді.
Хордалылардың басқа жануарлармен туыстық жақын екендігін ссалыстырмалы
эмбриологиялық және салыстырмалы анатомиялық әдістер арқылы анықтауға тура келеді. Ал,
салыстырмалы палеонтологиялық зерттеулер негізінен қатты қаңқа қалдықтары сақталған ертедегі
балықтардың арғы тегінен бастап нақты деректерге сүйенеді.
Алғашқы қаңқа қалдықтары сақталған балықтардың арғы тегі –