Сүтқоректілердің шығу тегі тікелей ертеде тіршілік еткен жорғалаушылармен байланысты
екенігін ғалымдар толығымен дәлелдеп отыр. Олар бұдан 250-180 млн. жыл бұрын тіршілік еткен
және олардың тістерінің құрылысы сүтқоректілердің тістеріне ұқсас, яғни күрек, сойдақ, азу
тістері айқын байқалады. Сүтқоректілердің ертедегі арғы тектерінің дене тұрқы шағын, яғни
егеуқұйрықтай болған. Олардың мүйізді қабыршақтарының арасында түктер өскен. Бірте-бірте
қабыршақтарды түк жабыны ығыстырған. Тері бездерінің де құрылысы мен қызметі эволюция
кезінде мүлдем өзгерген. Сүтқоректілердің ұрпақтарын тірі тууы кейіннен пайда болған. Қазіргі
алғашқы аңдарда клоаканың болуы және жұмыртқа салып көбеюі де, сүтқоректілердің ертедегі
арғы тектеріне ұқсас болғандығына толық дәлел бола алады .
Алғашқы аңдардың арғы тегі аңтісті жорғалаушылардың бір тармағынан, ал қалталылар мен
ұрықжолдастылар олардың басқа тармағынан пайда болған деген пікірлер бар.
Ертедегі сұтқоректілердің бір түрінің арғы тегінің қаңқа қалдығын зерттеудің нәтижесінде
олардың бұдан 160 млн. жыл бұрын тіршілік еткендігі анықталды. Бұл түр ғылымда
меланодон деп аталды. Оның жақ сүйектеріндегі тістерінің құрылысы қазіргі сүтқоректілерге ұқсас болған.
Ол құрлықта жақсы жүгіріп тіршілік еткен және ағаш басына да өрмелеп шығатын өте ширақ аң
болған.
Сүтқоректілердің қаңқа қалдықтарын зерттеу арқылы ғалымдар қазіргі кезде кездесетін
көптеген сүтқоректілер отрядтарының өкілдері бұдан 80-37 млн. жыл бұрын тіршілік еткен
деген қорытынды жасайды. Алғашқы аңдардың арғы тегі басқа ұрықжолдасты сүтқоркетілерден
өте ерте кезде бөлінген болса, ал қалталылар ұрықжолдастылардан бұдан 140 млн. жылдай бұрын
бөлінген.
Ертедегі жәндікқоректілерден қазіргі кемірушілер, қоянтектесте, приматтар
(маймылдар), қазіргі жәндікқоректілер, қолқанаттылар (жарғанаттар) бөлінген. Ертедегі
сүтқоректілердің бір тармағы