Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет88/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

жақсыз сауытты балықтар
болған. Олар бұдан 425 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. Олардың атына сәйкес жақ аппараты 
болмаған. Денесі сүйекті тақташалардан тұратын сауытпен қапталған. Олар көбіне су түбінде 
тіршілік еткен. Бұлардың бір тармағынан ертеде тіршілік етіп кейіннен біржола жойылып кеткен 
қалқандылар
мен қазіргі кезде тіршілік ететін 
дөңгелекауыздылар
деп аталатын жақсыз 
омыртқалылар пайда болған. Жақсыз сауытты балықтардың екінші тармағынан бұдан 420-330 
млн. жыл бұрын жағы бар сауытты балықтар пайда болған. Жағы бар сауытты балықтардың 
аузында жақ аппараты және екі жұп жүзбеқанаттары (көкірек және құрсақ) болды. Олардың жақ 
аппараты қорегін ұстауға, ұсақтауға септігін тигізсе, ал жүзбеқанаттары денесінің тепе-теңдігін 
сақтауда негізгі рол атқарады. Сонымен қатар, жақ аппараты бар сауытты балықтарда ішкі 
қаңқаның қызметін атқаратын шеміршекті қаңқасы да болды.
Сауытты балықтарға жақын балықтар тобы 
акантодтар
деп аталады. Олар палеозой 
заманының силур және пермь кезеңдерінде кеңінен таралған. Кейіннен біржола жойылып кеткен. 
Олардың қаңқа қалдықтары Евразия, Солтүстік Америка, Антарктида және Австралияның 
көптеген өңірінен табылған. 
Дөңгелекауыздылармен салыстырғанда шеміршекті балықтардың пайда болуы омыртқалы 
жануарлардың эволоюциясында жаңа прогрессивті кезең болып саналады. Дегенмен де, 
шеміршекті балықтар жалпы балықтардың ертеде пайда болған қарапайым тобына жатады.
Сүйекті балықтардың алғашқы топтарының қаңқа қалдықтары сақталмағандықтан, олардың 
эволюциясының бастапқы кезеңдерін анықтау қиын. Кейбір ғылыми болжамдар бойынша сүйекті 
балықтар ертедегі акантодтардың бір тармағынан девон кезеңінде пайда болған деген пікірлер бар. 
Бұл кезеңде сүйекті балықтардың екі тобының (сәулеқанаттылар мен қалаққанаттылар класс 
тармақтары) өкілдері бір арғытектен пайда болуы мүмкін. Балықтардың эволюциясы негізінен 


сулы ортаның әр түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделу бағытында жүргендігі белгілі. 
Мұндай жағдайларға бейімдеу бастапқы кезде буынаяқтылар мен ұлуларға бәсекелестік бағытта 
жүрсе, кейіннен суда тіршілік етуге бейімделген жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер 
арасында жүріп отырды.
Шеміршекті және сүйекті балықтар бұдан 430 млн. жыл бұрын ортақ бір арғытектен 
бөлінген. Қазіргі кездегі шеміршекті балықтар (акулалар, скаттар, химералар) бұдан 150 млн. 
жылдай бұрын пайда болған деген пікірлер қалыптасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет