Тартарлар тұқымдасына дене тұрқы орташа ұсақ құстардын 120 түрі жатады. Көпшілігі су
жағалауында, батпақты жерлерде кездеседі. Далалы жерлерде дуадақтар тұқымдас тармағына
жататын – безгелдек,жорға дуадақ, кәдімгі дуадақ таралған.
11.
Татреңтектестер (ржанкообразные)
отряды. Бұл отрядқа дене тұрқы әр түрлі 300 түрлі
құстар жатады. Көпшігі су құстары. Олар 3 отряд тармағына бөлінеді: а) шағалалар; ә) чис-тиктер;
б) балшықшылар. Шағалалар отряд тармағына су құстары жатады. Олардың негізгі тұқымдастары:
шағалалар, поморниктер, қарқылдактар. Чистиктер отряд тармағына – балтатұмсықтылар,
кайрлар, чистиктер жатады. Балшықшылар отряд тармағына – тауқұдыреттер, татреңдер және
т.б. жатады.
12.
Кептертектестер отряды.
Бұл отрядқа дене тұрқы орташа, шағын жақсы ұшатын
құстар жатады. Оның 2 отряд тармағы бар: а) кептерлер; ә) бұлдырықтар. Кептерлердің жем-
сауы жақсы дамыған. Балапандары қызылшақа. Көпшілік түрі ормандарда кездеседі. Ал,
бұлдырықтар далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Кең таралған түрлері –
аққұрсақты
және
қарақұрсақты бұлдырықтар
және
кезқүйрық
(саджа).
13. Тотықұстектестер отряды.
Дене тұрқы орташа, шағын 325 түрлі орман құстары,
көбіне тропикалық, субтропикалык аймақтарда таралған. Тұмсықтары доғал әрі өткір. Кеңінен
тараған түрлері:
ара
- (Оңтүстік Америкада),
айдарлы
какаду - (Австралияда),
сұр жако
-
(Африкада),
кеа
(нестор) тотықұсы - (Жаңа Зеландияда).
14.
Көкектектестер отряды.
Ормандар мен бұталы жерлерде 130 түрі кездеседі. Көпшілігі
тропикалық ормандарда таралған. Көп түрлері ұя салмай жұмыртқаларын басқа құстардың ұясына
салады. Кеңінен тараған түрлері – кәдімгі көкек, теңбіл көкек, америка көкегі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: