Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Қырсызтөстілер (түйекұстар) отряд үсті



Pdf көрінісі
бет60/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Қырсызтөстілер (түйекұстар) отряд үсті
. Бұған жататын құстар ұшпайды. Оның есесіне 
құрлықта жақсы жүруге жүгіру-ге бейімделген. Төссүйегі шағын, әрі оның қыры болмайды. 
Саусақтарынын саны түрліше, африка түйеқұсында (страуста) – екеу, кивиде – төртеу, 
қалғандарында үшеу. 
Қырсызтөстілер отряд үсті жеке 5 отрядқа бөлінеді:
1.Африка страустары 
(бір ғана түрі бар); 
2. Америка түйеқұстары 
(нандулар), – екі-үш түрі бар. 
3. Австралия түйеқұстары 
(казуарлар) – эму және казуардың бірнеше түрі бар. 
4. Қанатсыз 
түйеқұстар 
(кивилер) – үш түрі бар. 
5.Тинамутектестер 
(жасырынкүйрықтылар) – 47 түрі бар. 
Пингвиндер (жүзетін) отряд үсті. 
Бұған бір ғана пингвин-тектестер отряды жатады. Оның 
16 түрі оңтүстік жарты шардағы теңіздерде таралған. Пингвиндердің алдыңғы аяқтары ескекке 
айналған. Құрлықта денесін тік ұстап баяу қозғалады. Төссүйегі-нің қыры біршама жақсы 
дамыған. Денесі тығыз қауырсын-дармен қапталған. Пингвиндер моногамды құстар (бір аналығы 
бір аталығы жұп құрып тіршілік етеді). Пингвиндердің ең ірілері – 
император, король 
пингвиндері деп аталады. Император пингвинінің бойының биіктігі 110-120 см., салмағы 45-50 
кг. Антрактиданың жағалауында таралған. Ірі жұмыртқасын сауса-ғының үстінде ұстап, 
құрсағындағы терілі қатпарымен жауып тұрады. Король пингвині император пингвинінен кішілеу, 
оның бойының ұзындығы 90-95 см. 
Аделия пингвинінің 
саны көп, әрі кеңінен таралған тұр. Ол 
ұясын құрлықтағы ойыс жерлерге салады. 
Алтыншашты пингвинінің 
– көзінің үстіңгі жағында 
алтын түсті шоқ қауырсыны болады. Үнді, Атлант мұхиттарынын оңтүстік бөлігінде таралған. 
Көзілдірікті (африка) пингвин 
Африканың оңтүстік-батыс жағалауында кездеседі. 
Галапагосс 
пингвинінің 
денесі шағын, бойының ұзындығы 50 см.-дей. Пингвиндердің кәсіптік мәні жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет