Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу


Кәдімгі құстар отряд үстіне жалпы сипаттама. Кәдімгі құстар отряд үстінің жеке



Pdf көрінісі
бет61/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24

Кәдімгі құстар отряд үстіне жалпы сипаттама. Кәдімгі құстар отряд үстінің жеке 
отрядтарына жалпы шолу
Кәдімгі құстар отряд үстіне көбіне ұшатын құстар жатады. Олардың төссүйегінің қыры өте 
жақсы дамыған. Сүйектері жеңіл, жабын қауырсындарының желпуіштері тығыз. Жіліншіктері 
толарсақ табан сүйектерінің тұтасып кетуінен пайда болған. 
Кәдімгі құстар отряд үстінің негізгі отрядтары: 
1.
 
Гагартектестер отрядының 
бір тұқымдасының 5 түрі белгілі. Олардың бәрі де су 
құстары, жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Аяқтары денесінің артқы жағында орналасқан. Алдыңғы үш 
саусағының арасы жүзу жарғағымен байланысқан, балықтармен қоректенеді. Кең таралған түрі –
қара жемсаулы гагара. 
2.
 
Сұқсыртектестер отрядына 
20 түрлі құстар жатады. Олардың 4 саусақтарының жиегінде 
жеке-жеке жалпақ терілі өскіндері болады. Суда тіршілік етіп су жәндіктерімен, ұлулармен, ұсақ 
балықтармен қоректенеді. Жер шарында кенінен таралған. Кеңінен таралған түрі – 
үлкен сұқсыр 
(чомга) үйрек. 


3.
 
Түтіктанаулылар отрядына 
мұхиттарда, теңіздерде тіршілік ететін 100-ден астам 
құстардың түрлері жатады. Танау тесіктері үстінгі тұмсықтың екі бүйірінде түтік тәрізді 
орналасқан. Алдыңғы үш саусақтары терілі жарғақпен байланысқан, өте жақсы ұшады, қанаттары 
сүйір әрі ұзын. Кең тараған түрі – 
кезеген дауылпаз. 
4.
 
Бірқазантектестер (ескекаяқтылар) отряды. 
Бұл отрядқа денесі ірі 60-тай түрлі құстар 
жатады.Тұмсықтары ұзын, астыңғы түмсығында көлемді әрі қауырсынсыз терілі қапшығы болады. 
Топтанып үя жасайды, моногамды. Кеңінен таралған түрлері – 
бұйра 
және 
қызғылт бірқазандар. 
Екі тұқымдасы (бірқазандар және бакландар) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет