40
химия, биология және әлеуметтік ғылымдар деп бөлді. Материя
қозғалысының формаларын субординациялауда осы қағидатқа негізделіп
Б.М.Кедровтың ғылыми классификациясы қалыптасты. Ол материя
қозғалысының алты негізгі түрін ажыратты. Қазіргі уақытта ғылымды
саласына, пәніне және таным әдісіне байланысты төмендегі топтарға бөледі:
1)
табиғи (табиғат туралы);
2)
гуманитарлық және әлеуметтік (қоғам туралы);
3)
логика, гносеология, эпистемология, герменевтика және т.б. (ойлау
және таным туралы).
Ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
диссертацияларды қорғау, келесідей ғылым салаларына бөлінген:
-
физика-математика;
-
химия;
-
биология;
-
геология;
-
техника;
-
ауыл шаруашылығы;
-
тарих;
-
экономика;
-
философия;
-
филология;
-
география;
-
заң;
-
педагогика;
-
медицина;
-
сәулет;
-
психология және т.б.
Аталған ғылым топтарының әрқайсысы одан әрі де кіші топтарға бөлінуі
мүмкін.
Бұдан басқа да ғылым жіктемелері бар. Мәселен, практикамен
байланысқан ғылымдарды
іргелі
және
қолданбалы
деп екі топқа бөледі.
Іргелі
ғылымдар
объективті және субъективті әлемнің негізгі заңдарын анықтап,
практикаға тікелей бағытталмайды.
Қолданбалы ғылымдар
техникалық,
өндірістік және әлеуметтік-техникалық мәселелерді шешуге бағытталады.
Статистикалық жинақтарда, әдетте, ғылымның академиялық, салалық, жоғары
оқу орны және зауыттық ғылым секторларын бөліп қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: